18+

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілерді соңғы сапарға шығарып салды

Маңғыстау облысында Отан алдындағы әскери борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті.

Қаралы жиынға марқұмдардың туған-туыстары мен жақындары, әскери қызметшілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және азаматтар қатысты. Қаза болған жауынгерлердің денелері туған жерлеріне жеткізіліп, олармен қоштасу рәсімі ұйымдастырылды.

Қоштасу кезінде әскери қызметшілерге әскери құрмет көрсетілді. Марқұмдардың рухына Құран бағышталып, олардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтылды.

Қаза болғандардың отбасыларының қайғысына Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов ортақтасты. Ол марқұмдардың туған-туыстарына көңіл айтып, әскери қызметшілердің қабіріне топырақ салу рәсіміне қатысты.

Әскери борышын өтеу кезінде қаза болған жауынгерлердің есімі ел жадында сақталады. Олардың өмірі мен қызметі Отан қорғау жолындағы адалдықтың үлгісі ретінде құрметпен еске алынады.

Қаза болған әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамыз. Жатқан жерлері жайлы, топырақтары торқа болсын.

Новости компаний
20:54, 24 сентября г.