18+

Республика күні қарсаңында Жармұхамбетте жаңа су жүйесі іске қосылды

Алматы облысының Қарасай ауданында жаңа су желісі іске қосылды.

Жармұхамбет ауылына жалпы ұзындығы 51 шақырым су құбыры тартылып, екі су ұңғымасы мен әрқайсының көлемі 300 текше метр болатын екі су резервуары салынды. Жобаның жалпы құны – 1,432 млрд теңге,  деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі. 

Республика күні қарсаңында пайдалануға берілген ауыз су жүйесі – ауыл тұрғындары көптен күткен игі бастамалардың бірі. Жоба елді мекеннің инженерлік инфрақұрылымын дамытуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Халықты тіршілік нәрімен қамтамасыз ету елді мекендердің тұрақты дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруда зор маңызға ие.

Бүгінде Қарасай ауданындағы 47 елді мекеннің 95 пайызы орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылған. Қалған елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету және қолданыстағы су желілерінің тозу деңгейін төмендету бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасады.