18+

Қонаев қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы өз таңдауын жасады

Бүгін өтіп жатқан мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында Қонаев қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаев та өз таңдауын жасады.

Ақсақал сайлауға қатысу – әр азаматтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсететін маңызды қадам екенін атап өтті.

"Бүгін мен өз азаматтық борышымды орындап, мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс бердім. Сайлауға қатысу әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіреді. Біз, аға буын өкілдері, еліміздің талай тарихи кезеңдерін бастан өткердік. Сондықтан қоғамдағы тұрақтылықтың, бірліктің және халық таңдауының маңызын жақсы түсінеміз.

Бүгінгі сайлау – қаламыздың алдағы даму бағытын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды саяси науқан. Әрбір берілген дауыс – ел болашағына қосылған үлес", – деді Базарбай Оралбаев.

Айта кетейік, Қонаев қаласында бүгін 31 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның бесеуі – жабық сайлау учаскелері.