• Главная
  • Алматы облысының белсенді жастары коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынды
AMANAT
12:30, 14 декабря 2023 г.
Надежный источник

Алматы облысының белсенді жастары коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынды

AMANAT

AMANAT партиясының жас белсенділері "Кел, шай ішейік!" акциясын ұйымдастырды. Олар аязда таңнан кешке дейін көшелерді қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй ұсынды. 

"Жастар рухы" жастар қанаты таңертеңнен қала ішін аралап, білек сыбана жұмыс істеп жасап жатқан қызметкерлерге тіскебасар ұсынып, шайға шақырды. Одан бөлек, жұмыс тоқтап қалмас үшін қолдарына күрек алып, жол жиектеріндегі қарды тазалап, жаяужолдарды мұздан тазартуға көмектесті.

"Рухтастармен "Кел, шәй ішейік!" акциясын өткіздік. Акция аясында біз коммуналдық қызмет жұмыскерлеріне тәтті тоқаш пен ыстық шай тараттық. Күнделікті тазартылған жолдармен адамдар жүріп коммуналдық қызмет жұмыскерлерінің еңбегін байқамайды. Акцияның мақсаты коммуналдық қызмет жұмыскерлеріне алғысымызды білдіріп, көңілдерін көтеру. Олар бізге таза қала түріндегі әдемі көріністі ұсыну үшін және сағат 6-да ауысымға шығу үшін, таңғы сағат 4-те оянып, қатарда тұрады", – дейді "Жастар Рухы" ЖҚ белсендісі Мират Ашимбаев.

Алматы облысының белсенді жастары коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынды, фото-1

Қатысушылар үшін шараның ең керемет кезі қызметкерлердің күтпеген жерден пайда болған бізге шынайы күлкі сыйлап, алғыстарын жаудырған сәті дейді. Арасында батасын беріп, күнделікті кездесетін қиындықтарымен бөлісетіндері де аз емес екен.

Айта кетейік, Қазгидрометтің деректеріне сүйенсек, бүгін облыс орталығы Қонаевта ауа температурасы -16 градус Цельсийден -20 градусқа дейін төмендейді. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, коммуналдық қызмет көрсетуші компания жұмысы тоқтаған жоқ. қала әкімінің тапсырмасына сай, олар күшейтілген режимде жұмыс жасауда. соңғы деректерге сәйкес, қалада қардың қалыңдығы 13 см-ге жетті.

Алматы облысының белсенді жастары коммуналдық қызметкерлерге ыстық шай ұсынды, фото-2
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#AMANAT #Молодежное крыло партии AMANAT #Конаев

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...