• Главная
  • Мәжілісмен Алматы облысындағы тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті
AMANAT
20:33, 5 января 2024 г.
Надежный источник

Мәжілісмен Алматы облысындағы тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті

AMANAT
Фото: Партия "AMANAT"

Фото: Партия "AMANAT"

Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Максим Рожин облысқа жұмыс сапары барысында Жамбыл ауданында орналасқан "Алтын қадам" өндіріс ошағының нәзікжанды тігіншілерімен жүздесті.

Олар Әділетті Қазақстанды құру ісіндегі әйелдер рөлін талқылады.Қазіргі таңда мұнда 100-ден аса адам жұмыспен қамтылған. Тігін цехы негізінен мемлекеттік және шетелдік тапсырысты орындайды. Бүгінде Ресейлік темір жолдың қызметкерлеріне арнайы киімдерін тігіп жатыр. Қызметкерлердің еңбекақысы 150-200 мың теңгені құрайды. Ондағы жұмысшылардың 95 пайызы нәзік жандылар.

Мәжілісмен Алматы облысындағы тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті, фото-1

Кездесуде халық қалаулысы Максим Рожин гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, қыз-келіншектердің құқығын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселесі әрқашан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін айтты.

"Президент ана мен баланы қорғау, отбасы тәрбиесі мен отбасылық құндылықтар мәселесіне ерекше көңіл бөліп келе жатыр. Айналып келгенде мемлекеттің де басты тірегі бақытты, тату-тәтті отбасы. Сондықтан отбасындағы ізгілік, адамгершілік, сыйластық қарым-қатынасты берік сақтау маңызды. Мұның құндылығын сіздерден артық ешкім білмейді. Қазақтың қыздары отбасын да отанын да екі қолымен бірдей тербеп отыр", – дейді Максим Рожин.

Мәжілісмен Алматы облысындағы тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті, фото-2

Кездесу барысында фабрика өкілдері өздерінің жұмыстары жайында айтып, шикізатқа байланысты өз мәселелерін, толғандырған сұрақтарын қойды. Депутатпен көкейкесті проблемаларын талқылады.

"Қазіргі заманғы нарықтық сауда жүйесінің міндеті - сөрелерде отандық өнімдердің тұрақты түрде қолдау тауып, сатылымда болуы маңызды. Отандық кәсіпорындар мемлекет тарапынан қолдау тауыпта келеді. Біз шығаратын өнімдердің шикізаты Қазақстанда жоқ. Сондықтан басқа елден алдыртуға тура келеді. Ал сол тауарлардың 30 пайыз салығын біз кеден бекеттеріне төлеуге мәжбүрміз", – дейді фабрика өкілі Әмина Қанашаева.

Мәжілісмен Алматы облысындағы тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті, фото-3

Тараптар өңірдегі өзекті мәселелерді және оларды заң жүзінде шешу жолдарын талқылады. Мәселенің анық-қанығына жеткен мәжілісмен бұл мәселені өз бақылауына алатынын жеткізді.

Жұмысшылар өңірде мұндай тігін фабрикалар соңғы уақытта дамып келе жатқанын тілге тиек етіп, мемлекеттік сатып алулар заңы аясында шетелдік емес, отандық өнімнің неғұрлым көбірек сатылу тетіктері қарастырылса деген тілек білдірді."Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру өте маңызды.

Мәжілісмен Алматы облысындағы тігін фабрикасының жұмысшыларымен кездесті, фото-4

Бұл халық пен билік арасын жақындатады. Жалпы ұлт, халық болып мемлекет алдына қойған мақсаттарға жетуге арқау болады.

"AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#AMANAT #Алматинская область #Производство

Комментарии

Объявления
live comments feed...