• Главная
  • "Строительная" саяжайындағы 1-ші трансформатор іске қосылды
Конаев
20:00, 8 февраля
Надежный источник

"Строительная" саяжайындағы 1-ші трансформатор іске қосылды

Конаев

Қазіргі таңда Қонаев қаласындағы "Строительная" саяжай алқабында 1240 абонент бар. Саяжайдағы электр желісін қала балансына алу жұмыстары былтыр басталып, 11 трансформатор қойылған.

Содан бері құжаттары реттеліп, ақпанның 7-нен бастап 1-ші трансформатор халық игілігіне берілді. Қалған ток беруші құрылғылар кезең-кезеңімен қосылады. Енді тұрғындар жарық ақшасын бекітілген тариф бойынша төлейді. Ал бұрын кВт-на 2-3 теңге артық төлейтін. Бұл жаңалыққа халықтың өзі де қуанышты.

"Саяжайда 2004 жылдан тұрамын. Әу баста жарықпен мәселе болған жоқ, өйткені халық саны аз еді. Кейін тұрғындар тығыз қоныстана бастады. Суды тасып ішкен күніміз де болды. Әлі де мәселелер жеткілікті. Мысалы, тұрғындар жарыққа миллиондап қарыз боп тұр. Соған қарамастан, былтыр 11 трансформатор қойылып, биыл 1-шісі жұмыс істей бастады. Қуаныштымын", - деді тұрғын Бұрыл Айдарова.

Бұрыл апамыздың сөзімен Разиқа Ұзақова да келісіп отыр.

"Бұрын жағдайымыз қиындау еді. Былтырдан бері бізде жарық мәселесі шешіліп келеді. Күні кеше 1-ші трансформатор іске қосылды. Саяжайда көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасылар көп. Басшылықтың қарайласып, қолдау көрсетіп жатқанына алғыс айтамыз. Қаладағы мәселелер біртіндеп шешімін табатынына сенімдіміз", - деді ол.

Халық айтса, қалт айтпайды. Бүгінде саяжай жұртының қарызы 19 млн. теңгеге жеткен. Берешегі бар тұрғындар электр желісіне кейінірек қосылады.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Конаев #Дачный массив #Запуск трансформатора #Дачники #Электроэнергия

Комментарии

Объявления
live comments feed...