• Главная
  • "Наурыз мейрамы" мерекесін өткізу кезінде тамақтан уланудың алдын-алу
ДСЭК
13:12, 13 марта
Надежный источник

"Наурыз мейрамы" мерекесін өткізу кезінде тамақтан уланудың алдын-алу

ДСЭК

Дәстүрлі Наурыз мерекесін тойлау кезінде үстелге көп қоспасы бар "Наурыз көже", қаймақ, ет тағамдары, салаттар, десерттер, кремді кондитерлік өнімдер және басқа да көптеген тағамдар ұсынылады.

Алайда, гигиеналық талаптар сақталмағанда бұл мерекелік үстелдің соңытамақтан уланумен, кей жағдайларда өліммен аяқталуы да мүмкін.

Наурыз мерекесін мерекелеу күндері гигиеналық ережелердің келесі талаптарын сақтауды ұсынамыз:

  • үйде мерекелік тағамдарды дайындағанда, ең алдымен гигиена ережелерін сақтаңыз, бөлмедегі тазалықты қадағалаңыз;
  • тамақ дайындаған кезде қолыңызды жиі жуыңыз, қажет болған жағдайда ас үйдің беттерін сүртіңіз;
  • азық-түліктің дұрыс сақталуына назар аударыңыз, тоңазытқыштың бір сөресінде шикі және дайын өнімді сақтамаңыз;
  • егер сіз мерекелік тағамдарды бірден дайындағыңыз келмесе, шикі етті мұздатқышта сақтаған дұрыс;
  • температуралық режимді сақтау және ет, жұмыртқа, мерекелік тағамдарға арналған басқа ингредиенттерді қуыру, қайнату кезінде пісіру үшін қажетті уақытты сақтау өте маңызды;
  • шикі және дайын өнімдердің мақсаттарына қарай кесу құралдарын (пышақтар, тақталар) пайдалану.
  • мол жайылған дастарханнан ертеңгі күнге міндетті түрде тәтті тағамдар, салаттар қалуы мүмкін. Тұрып қалған тағамдарды пайдаланудан абай болыңыз.

Сондай-ақ, мейрамхана мен дәмхана басшыларының назарына Наурыз мейрамында тағамнан уланудың алдын алу мәселелерінде қырағы болуға шақырамыз.

Қызметкерлер жеке гигиена ережелерін, ас үйдегі тазалықты және тағамдарды пісіру кезінде тамақ дайындау технологиясын қатаң сақтау керек. Жемістер мен көкөністерді мұқият жуу керек.

Жеке таңбаланған кесу құралдарын (кесу тақталары, пышақтар, ет кесуге арналған діңгектер және т.б.) мақсатына сай пайдалануды, дайын тағамның шикі өнімдермен тауарлық көршілігін сақтауды ұсынамыз.

Тез бұзылатын тағамдарды той басталарға екі сағат уақыт қалғанда дайындауды, температуралық режимді сақтауды қадағалаңыз. Дайын өнімнің мерзімін бұзбаңыз.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Биылғы жыл жақсы іс-шаралардың, асыл ойлар мен ізгі істердің бастауы болсын!

Алматы облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары М.Сагадиев

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
#Наурыз #ДСЭК #Профилактика пищевых отправлений

Комментарии

Последние новости
Объявления
live comments feed...