
17:07, 24 мая 2024 г.
Надежный источник
Солтүстік жағажайлардың болашағы қандай?
Қонаев қаласының әкімі Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауында орналасқан демалыс аймақтарын аралап шықты, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Көшпелі жиында Бас жоспарға сәйкес, жағажайды абаттандыру, инвестиция тарту мәселелері қаралды. Алматы облысының бас сәулетшісі Болат Мұсылманбековтің сөзінше, алдымен жұмысты жол мен инженерлік желілерді тартудан бастау қажет. Ол үшін егжей-тегжейлі жоспар құрып, құжат әзірлеу қажет.
"Бұл жолдың ұзындығы 28 шақырымды құрайды. Жанында веложүргізушілер жолы болады, аталған жол бойымен инженерлік желілер салынуы тиіс. Қалалық жағажай мен бизнес орындарының орналасуына да мүмкіндік бар", - деді сәулетші.
Сонымен қатар ол Бас жоспарда туристер мен халықтың тегін жағажайға кедергісіз өту мәселесі қарастырылғанын айтты.
"Тиісті құжатты жасауды сәулет бөліміне тапсырамын. Жағалау бойында заманауи демалыс орындарын салу мақсатында инвестиция тарту маңызды. Нәтижелі жұмыс жасайық", – деді Асхат Бердіханов.
Әкім салалық бөлім басшыларына шомылу маусымында, әсіресе, солтүстік жағалауда қауіпсіздік іс-шараларының толық атқарылуын, күнделікті жағдайды бақылауда ұстап отыруды тапсырды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Великой Победе посвящается
Конный спорт
16:39
В десантно-штурмовой бригаде около шестисот солдат присягнули на верность Родине
Конаевский гарнизон
16:14
13:38
9 мая
13:24
9 мая
12:53
9 мая
Кровопролитная война с фашизмом оставила неизгладимый след в истории нашего народа - Токаев
День Победы
12:38
9 мая
23:04
8 мая
Нацбанк Казахстана выпускает памятную банкноту ко Дню Победы
Новости компаний
22:13
8 мая
Спецтема
Объявления
12:58, 5 мая
14:00, 7 мая
live comments feed...
Комментарии