• Главная
  • ҚАЖ департаментінде адам құқықтары бойынша каскадтық тренинг өтті
14:07, Вчера
Надежный источник

ҚАЖ департаментінде адам құқықтары бойынша каскадтық тренинг өтті

ҚАЖ департаментінде адам құқықтары бойынша каскадтық тренинг өтті, фото-1

Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме қызметкерлеріне "Азаптаудың алдын алу және кінәсіздік презумпциясы" тақырыбында он үшінші каскадтық тренинг өткізілді.

Іс-шара "Қадір-қасиет" қоғамдық бірлестігінің директоры Анара Ибраеваның қолдауымен ұйымдастырылып, оған Алматы қалалық сотының судьясы Светлана Яковлева, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Жанғазы Күнсеркин және ҚАЖД басшылығы қатысты.

Тренинг барысында қатысушылар азаптауға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін, халықаралық стандарттарды және ҚАЖ қызметкерлерінің адам құқықтарын сақтау бағытындағы рөлін талқылады.

"Департамент басшылығының бастамасымен мұндай іс-шаралар барлық мекемелерде адам құқықтарын қорғау және азаптауға қарсы іс-қимыл саласындағы сарапшыларды тарту арқылы өз жалғасын табады",- деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Магнис Сабиров.

ҚАЖ департаментінде адам құқықтары бойынша каскадтық тренинг өтті, фото-2

Оқыту соңында барлық тыңдаушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

live comments feed...