• Главная
  • Эндопротездеу отасынан кейін Алматы облысының тұрғыны қайта жүруге мүмкіндік алды
15:04, Сегодня
Надежный источник

Эндопротездеу отасынан кейін Алматы облысының тұрғыны қайта жүруге мүмкіндік алды

Эндопротездеу отасынан кейін Алматы облысының тұрғыны қайта жүруге мүмкіндік алды, фото-1

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында 53 жастағы ер адамға жамбас буынын эндопротездеу бойынша ота сәтті жүргізілді. Пациент ұзақ уақыт бойы белі ауырып, өздігінен қозғала алмай жүрген.

Науқас ауруханаға айқын ауырсыну синдромымен және жамбас буынындағы қозғалыстың шектелуімен түсті. Консервативті ем нәтиже бермегендіктен, дәрігерлер ота жасау туралы шешім қабылдады.

Ота аурухананың травматолог-ортопед дәрігерлер тобының күшімен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында жүргізілді. Ота сәтті өтіп, асқынусыз аяқталды. Келесі күні-ақ пациент реабилитологтардың бақылауымен алғашқы қимылдарын жасай бастады.

"Қазіргі заманғы технологиялар мен мамандарымыздың кәсібилігінің арқасында эндопротездеуден кейінгі пациенттер тез қалпына келіп, белсенді өмір салтына қайта оралады. Біз мұндай оталарды азаматтарға МӘМС аясында тегін жасау мүмкіндігі бар екеніне қуаныштымыз", - дейді травматология және ортопедия бөлімшесінің мамандары.

Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты. Ол оңалту курсынан өтуде, ал дәрігерлердің болжамынша бірнеше аптадан кейін өздігінен қозғала алатын болады.

Буындарды эндопротездеу - Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының басым бағыттарының бірі. Мұнда заманауи диагностикалық, хирургиялық және оңалту медицинасының технологиялары қолданылады, бұл пациенттердің өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления