
12:23, Сегодня
Надежный источник
Алматы облысында өткен Ашық есік күнінде мыңнан астам тұрғын тегін медициналық кеңес алды

Алматы облысының Қарасай ауданында студенттер мен оқытушыларға арналған кең көлемді Ашық есік күні өтті.
Бір күндік әлеуметтік-маңызды акция барысында тұрғындар тегін медициналық консультациялық және диагностикалық қызметтерге қол жеткізді. Шараға "Жанұя Жұмабек Мед" медицина орталығының 12 бейінді дәрігері қатысып, офтальмолог, невролог, кардиолог, отоларинголог, уролог, психолог, эндокринолог, гинеколог, дерматолог, гастроэнтеролог және онколог мамандар қабылдау жүргізді.
Медицина орталығының директоры Кульзада Сартаева профилактикалық тексерулердің маңыздылығына тоқталып, акцияның халық денсаулығын жақсартуға бағытталғанын атап өтті.
"Медицинаның ең бірінші бағыты – профилактикалық. Сондықтан мұндай тексерулер өте маңызды. Біздің медициналық ұйымға 15 мыңнан астам адам тіркелген, оның 6 мыңы – студенттер. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен бірлесе атқарылған бұл шара арқылы халықтың денсаулығына үлес қосқымыз келеді", – деді ол.

Шара барысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы да ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мамандар МӘМС жүйесі арқылы көрсетілетін қызметтер, науқастардың құқықтары туралы айтып, ақпараттық жадынамалар таратты. Қор өкілдері «сақтандырылған» мәртебесінің кеңейтілген медициналық көмек алуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ашық есік күні аясында барлығы 1186 адам мамандардың кеңесін алды. Олардың қатарында 1 курс студенті Шұғыла Тұрсын да бар.
"Соңғы уақытта көзім нашарлай бастаған соң тексерілуге келдім. Көз қысымын, көру сапасын арнайы құрылғымен өлшеді. Нәтижесінде көру қабілетім төмендегені анықталды. Дәрігер жаттығулар мен жаңа көзілдірік таңдауға кеңес берді. Тексеріс өте тез, кезексіз өтті", – дейді ол.

Акция барысында келушілердің артериялық қысымы өлшеніп, қант диабеті мен холестерин деңгейін анықтауға арналған жедел талдаулар жүргізілді. Сонымен бірге хеликобактер пилори бактериясына сынамалар алынды, ішкі ағзаларды ультрадыбыстық зерттеу ұйымдастырылды. Жедел тексеруден өткен азаматтардың ішінен 20-дан астамы әрі қарай емделуге жолдама алды.
Қоғамдық денсаулықты нығайтуды мақсат еткен мұндай шаралар тұрғындар арасында зор сұранысқа ие болып отыр. Ал медицина мамандары профилактикалық тексерулерді уақытылы өткізу қауіпті аурулардың алдын алуға мүмкіндік беретінін еске салады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Вопросы водоснабжения и модернизации сетей стали ключевыми на встрече акима с фермерами
Рабочая поездка
11:59
11:21
От национальной традиции к большому спорту: подведены итоги международного турнира "Сонар–2025"
Сонар–2025
17:41
22 ноября
Как IT образование усиливает экономику Казахстана
Новости компаний
11:57
22 ноября
ТОП новости
Спецтема
Объявления
Комментарии