
11:43, Сегодня
Надежный источник
Еліміз бойынша Алматы облысының еріктілері үздіктер қатарында

Астана қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен 2020 жылы бастау алған республикалық "Игі істер марафоны" және халықаралық "Жыл волонтері" сыйлығын табыстау салтанаты өтті.
Аталған шарада Алматы облысының еріктілері үздіктер қатарынан көрініп, жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Халықаралық "Жыл волонтері" сыйлығы 15 номинация бойынша табысталып, соның 5 номинациясы біздің өңірдің еріктілеріне бұйырды.
Сондай-ақ республикалық "Игі істер марафоны" жобасы 13 номинация бойынша ұйымдастырылып, Алматы облысының еріктілері 3 номинация бойынша жеңімпаз атанды.
Бұдан бөлек, марафонның жалпы қорытындысы бойынша Алматы облысы көш бастап, үздік өңір деп танылды. Жыл басынан бері республика бойынша 9 мыңнан астам игі іс атқарылса, соның 1,5 мыңы Алматы облысының еріктілерінің үлесінде.
Республикалық "Игі істер марафоны":
- "Ең мейірімді аймақ" номинациясы бойынша Алматы облысының волонтерлер фронт-офисі жеңімпаз атанды.
- "Инклюзивті келешек" номинациясында Қарасай ауданынан Бердіқұлова Ақнұр үздіктер қатарынан көрінді.
- "Жүректен жүрекке" номинациясының жеңімпазы - Талғар ауданының волонтерлері.
Халықаралық "Жыл волонтері" сыйлығы:
- "Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге белсенді қатысқаны үшін" - "Lider.kz" волонтерлік қозғалысы*.
- "Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін" - Туысқанова Жібек (Талғар ауданы).
- "Үздік волонтерлік ұйым" - "Ақ жұлдыз" қоғамдық қоры* (Іле ауданы).
- "Үздік әлеуметтік көмекші" - Әукен Айдос (Талғар ауданы).
- "Жануарларды қорғауға қосқан үлесі үшін" - "Vector" жастар одағы* (Талғар ауданы).
Бұл жетістіктер соңғы екі жыл ішінде өңір басшысының қолдауымен волонтерлік қозғалысты дамыту және қолдау бағытында атқарылған кешенді әрі жүйелі жұмыстың нақты нәтижесі.
Өңірде волонтерлік бастамаларды ілгерілету, жастардың азаматтық белсенділігін арттыру және қоғамға пайдалы жобаларға тарту мақсатында түрлі әлеуметтік, экологиялық, білім беру бағытындағы іс-шаралар жүзеге асырылып келеді.
Аталған бастамалар өз жалғасын табатын болады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
13:09
11:10
21:48
Вчера
21:23
Вчера
13:25
Вчера
ТОП новости
Спецтема
Объявления
Комментарии