
09:47, 9 декабря 2025 г.
Надежный источник
"Samga": ерекше жастарды қанаттандырған жоба

Қоғамда әрбір жастың әлеуетін ашып, олардың шығармашылығын шыңдау мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі.
Осы орайда, Алматы облысы Жастар ресурстық орталығының бастамасымен ерекше қажеттілігі бар жастарға арналған "Samga" облыстық өнер байқауы ұйымдастырылды.
Аталған жоба шығармашылыққа құштар, мүмкіндігі шектеулі болса да арманы шексіз жастардың басын қосып, олардың өнерін көпшілікке танытуға мүмкіндік берген бірегей алаң болды.
Байқаудың басты мақсаты ерекше жастардың шығармашылық әлеуетін ашу, жаңа мүмкіндіктер беру және белсенді болуға деген ұмтылысын қолдау.
Алғаш рет өткізілген байқау екі кезең бойынша өтті: қолөнер және сахналық өнер. Облыстың әр ауданынан жиналған 12 команда өз өнерлерін ортаға салып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Қатысушылар қолдан жасаған бұйымдар, ұлттық нақыштағы кәдесыйлар, ән, би және театрланған көріністер арқылы өздерінің шексіз таланты мен табандылығын дәлелдеді.
Шара соңында қатысушылар мен көрермендердің көңілі толқып, көздерінде қуаныш пен алғыс ұшқыны байқалды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқау жыл сайын тұрақты түрде өткізіліп, қамтылатын жастар ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар мен естелік марапаттар, ал барлық қатысушыларға ынталандыру сертификаттары табысталды.
Байқау қорытындысы бойынша командалық есепте I орынды – Жамбыл ауданының "Rakhym" тобы иеленді, II орын – Алатау қаласының "Алатау гүлдері" тобына бұйырды, III орынды – Қонаев қаласының "Қамқор жүрек" тобы еншіледі.
"Samga" - тек өнер сайысы емес, бұл өмірге деген құлшынысты, арманға деген сенімді ұлықтаған жоба. Ерекше жастарға сенім сыйлап, қоғаммен біте қайнасып өмір сүруіне жағдай жасау баршамыздың ортақ міндетіміз.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:58
Вчера
Рабочая поездка акима области в Енбекшиказахский район
Рабочая поездка
16:26
Вчера
13:59
Вчера
В условиях, приближенных к боевым: как готовят разведчиков ДШВ
Конаевский гарнизон
13:39
Вчера
11:13
Вчера
13:11
25 января
Прозрачность и общественный диалог: первое заседание Конституционной комиссии
Конституционная комиссия
19:34
24 января
Зимняя Олимпиада–2026: из каких регионов сформирована сборная Казахстана
Зимняя Олимпиада-2026
18:33
24 января
ТОП новости
Один на страну: Чингиз Ракпаров завоевал лицензию на Зимнюю Олимпиаду-2026
Зимняя Олимпиада-2026
Спецтема
Комментарии