• Главная
  • Қонаевта жыл қорытындысы бойынша жиын өтті
20:03, Вчера
Надежный источник

Қонаевта жыл қорытындысы бойынша жиын өтті

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіхановтың төрағалығымен былтырғы жылдың қорытындысы мен 2026 жылға жоспар бойынша жиын өтті.

Жиналыста ТҮКШ және ТҮИ, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары, жер қатынастары, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, ішкі саясат бөлімдері баяндама жасады.

ТҮКШ бөлімінің басшысы Тимур Ақмырзаевтың мәліметінше, биыл да қалада абаттандыру, көгалдандыру, дезинсекция, дератизация, шатырларды ауыстыру, қасбеттерді бояу, қоғамдық орындарды күтіп ұстау, аулаларды, көшелерді жарықтандыру және т.б. бағыттағы жұмыстар жалғасады.

Сондай-ақ 8-10 шағынаудандардың ауыз су мәселесі бақылауда тұр.

Ал жол-көлік инфрақұрылымы бойынша аялдамаларды жаңарту, 8-10-шағынаудан жолының күрделі жөндеуі, ағымдағы жөндеу, автобустар санын көбейту жұмыстары жүргізіледі. Мемлекетке пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін қайтару, инвестиция тарту да күн тәртібінен түспейді.

Баяндамаларды тыңдаған шаһар басшысы жауапты мамандарға бірқатар тапсырмаларды жүктеді:

  • Қонаев қаласының бес шағын ауданындарында газдандыру жұмыстарын бақылауда ұстау, баяндау;
  • Шеңгелді ауылдық округінде сыртқы жарықтандыру және электр желілерін ретке келтіру жұмыстарын жүргізу;
  • Жағажайларды абаттандыру;
  • Көктемгі дала жұмыстарына дайындық жүргізу;
  • Пәтер иелері кооперативтерінің жұмысын цифрландыру;
  • Ауыл шаруашылығы саласындағы бағдарламаларды жүзеге асыру т.с.с.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления