
17:32, Сегодня
Надежный источник
Алматы облысындағы мектепте анықталған құрылыс кемшіліктері 1 ақпанға дейін жойылады

Алматы облысындағы мектептердің бірінде анықталған құрылыс кемшіліктері 2026 жылғы 1 ақпанға дейін толықтай жойылады. Бұл жұмыстарды мердігер ұйым «Arsh Stroy» ЖШС жүзеге асырады, деп хабарлайды облыстық білім басқармасы.
Мәлімет бойынша, облыстық білім басқармасына тұрғындардан мектеп ғимаратының төбесінен су аққаны туралы өтініш түскен. Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар жедел түрде нысанға барып, визуалды тексеру жүргізіп, жағдайға құқықтық баға берген.
Тексеру нәтижесінде анықталған олқылықтар сол күні мердігер ұйымға ресми түрде көрсетіліп,«Arsh Stroy» ЖШС кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою бойынша міндеттеме алған.
«Шатырдағы ақауларды жою жұмыстары биылғы жылдың 1 ақпанына дейін толық аяқталады. Жағдай тұрақты бақылауда тұр», – деп мәлімдеді мердігер ұйым өкілдері.
Қазіргі уақытта нысанда жергілікті атқарушы орган өкілдері, депутаттар, сондай-ақ «Amanat» партиясының төрағасы болып, жағдайды бақылауда ұстап отыр. Бұзушылықтарды жою барысын жауапты мемлекеттік құрылымдар үйлестіреді.
Айта кетейік, 900 оқушыға арналып соғылған №20 орта мектеп 2013 жылы пайдалануға берілген. Алайда бүгінде мұнда екі ауысымда шамамен 1 800 оқушы білім алады.
Оқу орны 2024 жылғы 21 мамырда күрделі жөндеуге жабылып, 2025 жылғы 1 қыркүйекте қайта жұмысын бастады. Жөндеу жұмыстарының тапсырыс берушісі - Іле ауданы әкімдігі, ал мердігер — «Arsh Stroy» ЖШС.
Тексеру барысында мектептің жертөле бөлмесінде судың жиналғаны да анықталған. Қазіргі уақытта суды сорғыту және бөлмелерді кептіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ылғалдың пайда болу себептері нақтыланып жатыр.
Сонымен қатар, дренаж жұмыстары бұған дейін басталғанымен, толық аяқталмаған. Ауа райы жылынғаннан кейін жұмыс жалғасады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
16:59
16:58
Вчера
Рабочая поездка акима области в Енбекшиказахский район
Рабочая поездка
16:26
Вчера
ТОП новости
Один на страну: Чингиз Ракпаров завоевал лицензию на Зимнюю Олимпиаду-2026
Зимняя Олимпиада-2026
Спецтема
Комментарии