• Главная
  • Алматы облысында полицейлер фитозертхананы әшкереледі
13:44, Сегодня
Надежный источник

Алматы облысында полицейлер фитозертхананы әшкереледі

Полиция қызметкерлері есірткі қылмысын жасағаны үшін 41 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Сот санкциясымен ол қамауға алынды.

Алматы облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарасай ауданы Тұрар ауылында орналасқан фазенда аумағында күдікті ұсталды.

"Жеке тінту кезінде одан қолдануға дайын, кептірілген өсімдік тектес заттың шамамен 10 граммы табылып, тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл есірткі заты болуы мүмкін", – деп хабарлады есірткіге қарсы қызмет өкілдері.

Сонымен қатар, іргелес аумақты тексеру барысында шаруашылық құрылыстарының бірінен есірткі құрамды өсімдіктерді өсіруге арнайы жабдықталған бөлме анықталды. Нәтижесінде қарасора түптері, кептірілген өсімдік заты салынған ыдыстар мен қаптамалар, сондай-ақ өсімдіктерді өсіруге арналған көп мөлшердегі тыңайтқыштар тәркіленді.

"Сондай-ақ күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында өсімдік тектес заты бар шыны банкалар, кептіру жабдықтары, өсімдік қалдықтарының іздері бар электронды таразылар, қаптама материалдары және есірткі құралдарын қолдануға арналған заттар алынды", – деп толықтырды ведомствода.

Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген өсімдіктер мен заттар жалпы салмағы шамамен үш килограмм болатын есірткі заты – марихуана деп танылды. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления