
Новости компаний
13:13, 10 февраля
Надежный источник
Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95-жылдығына орай әдеби-поэтикалық кездесу
Новости компаний

Изображение сгенерировано нейросетью
Қазақ поэзиясының классигі, көрнекті ақын әрі аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 95-жылдығына орай 2026 жылғы 11 ақпанда Alatau Creative Hub орталығында "Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын" атты әдеби-поэтикалық кездесу өтеді.
Шараға белгілі жазушылар мен ақындар, публицисттер, ғалым-зерттеушілер, Мұқағали Мақатаевтың отбасы мүшелері, сондай-ақ жастар, мектеп оқушылары мен поэзия сүйер қауым қатысады.
Іс-шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптармен қатар ғылыми еңбектер, естеліктер мен басылымдар ұсынылатын "Мұқағали – мәңгілік жырдың жұлдызы" атты бірегей кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, ақын өлеңдеріне жазылған әндер шырқалады.

Мерейтойлық кеш барысында Жүсіпбек Елебеков атындағы Республикалық эстрада және цирк колледжінің студенттері дайындаған арнайы әдеби-драматургиялық қойылым көпшілік назарына ұсынылады.
Сонымен қатар, Мұқағали Мақатаев атындағы №140 мектеп оқушылары ақын өлеңдерін мәнерлеп оқиды және жазушы туралы арнайы бейнеролик көрсетіледі.

Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Нұркент шағын ауданы, 5/11, Alatau Creative Hub, 11 ақпан 2026 жыл, сағат 11:00
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Весенний призыв граждан на срочную воинскую службу
Весенний призыв
13:03
11:22
21:16
Вчера
Весна начинается с команды: как прошел Наурыз в компании Mareven
Новости компаний
16:58
Вчера
В Конаев назначен заместитель акима города
Назначение
16:50
Вчера
14:21
Вчера
Топ-10 самых прибыльных банков Казахстана заметно обновился
Новости компаний
14:09
Вчера
ТОП новости
Объявления
06:35, 18 марта
Комментарии