
18:44, Сегодня
Надежный источник
Жамбыл ауылының халқы тарихи референдумға белсенді қатысуға ниетті

"Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!" жалпыұлттық коалициясының мүшелері Жамбыл ауданындағы Жамбыл ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Жиында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары жан-жақты түсіндірілді. Коалиция өкілдері саяси жүйені жаңғырту, билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайту, Президенттің бір реттік жеті жылдық мерзімін бекіту, Құрылтайды толықтай пропорционалды сайлау жүйесі арқылы қалыптастыру және Конституциялық Соттың тәуелсіз мәртебесін айқындау мәселелеріне тоқталды.
Сондай-ақ жаңа редакцияда Қазақстанның әлеуметтік мемлекет екені нақты бекітілетіні, азаматтардың заңда белгіленген тәртіппен ақы алынбай медициналық көмек алуға құқығы сақталатыны атап өтілді. Бұдан бөлек, 8-баптың 3-тармағына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері мен өзге де табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені түсіндірілді.

Коалиция мүшесі Қуат Байғожаев реформаның мазмұнына кеңінен тоқталды.
"Жаңа Конституция – басқару жүйесін жаңғыртып, мемлекеттік институттардың өзара теңгерімін күшейтуге бағытталған жүйелі қадам. Президент бір рет қана жеті жылға сайланады және бұл норма өзгертілмейтін қағида ретінде бекітіледі.
Заң шығару билігі толықтай сайланған Құрылтай арқылы жүзеге асырылады. Конституциялық Сот заңдардың Негізгі заңға сәйкестігін қамтамасыз ететін тәуелсіз орган ретінде жұмыс істейді. Табиғи ресурстардың халыққа тиесілі екені нақты айқындалады. Бұл – елдің құқықтық дамуының жаңа кезеңі", – деді ол.
Кездесу барысында тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды. Жамбыл ауылының халқы алдағы референдумға белсенді қатысу – азаматтық жауапкершілік әрі ел болашағына қосқан үлес екенін атап өтті.
Алматы облыстық коалициясының баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
В Конаеве готовят модернизацию центра парусного спорта
Парусный спорт
17:36
17:10
16:35
13:06
ТОП новости
Объявления
Комментарии