
16:09, Сегодня
Надежный источник
Облыстағы "Кәусар" оңалту орталығында оңалту қызметтері жүйелі жүргізілуде

Облыстық "Кәусар" оңалту орталығы – медициналық саласында кешенді қызмет көрсететін заманауи көпсалалы мекеме.
Орталықтың биылға жоспарлаған жұмысы мен қолданылып жатқан әдістемелері және даму перспективалары туралы мекеме директоры Багдагүл Салибекова баяндады.
"Кәусар" орталығы сырқаттар мен хирургиялық араласулардан кейінгі пациенттерге қалпына келтіру емін жүргізеді. Медициналық көмек жүрек-қан тамырлары және жүйке жүйесі аурулары және өкпенің созылмалы сырқаттарымен ауыратын азаматтарға, сондай-ақ сүйек пен буын патологияларына операция жасалған науқастарға көрсетіледі.
Мекеменің негізгі міндеті– ағзаның жоғалтқан функцияларын қалпына келтіру немесе олардың орнын толтыру, пациенттерді толыққанды әлеуметтік және еңбек қызметіне қайтару.
Орталық жұмысында емдік дене шынықтыру, физиотерапия, тыныс алу әдістері және жалпы нығайтушы процедуралар үйлесіміне негізделген кешенді тәсілдері қолданылады.
Сондай-ақ, емдік гимнастикаға соның ішінде, Стрельникова әдісі бойынша парадоксты тыныс алу жаттығуларына ерекше мән беріледі. Аталған жаттығулар тыныс алу жиілігі мен тереңдігін қалыпқа келтіруге, бронхтардың дренаждық қызметін жақсартуға, мұрынмен тыныс алуды және зат алмасу үдерістерін қалпына келтіруге ықпал етеді.

Орталық заманауи физиотерапиялық жабдықтардың кең спектрімен қамтамасыз етілген. Пациенттерге "Биоптрон" жарық терапиясы, "Полимаг-01" аппаратымен төмен қарқынды магнитотерапия, СВЧ-терапия, дәрілік препараттармен электрофорез, ультракүлгін сәулемен емдеу, электросон, дарсонвализация, ингаляциялық терапия қызметтері ұсынылады.
Барлық процедуралар диагнозға, клиникалық көрсеткіштерге және науқастың жалпы жағдайына сәйкес жеке тағайындалады.
Орталығымыздың сұранысқа ие бағыттардың бірі – спелеотерапия, яғни жасанды түрде құрылған тұзды шахта микроклиматы жағдайында ем қабылдау. Құрғақ тұзды аэрозоль тыныс алу, жүрек-қан тамырлары және иммундық жүйелерге оң әсерін тигізіп, бактерицидтік қасиетке ие. Мекемеде балалар мен ересектерге арналған жеке тұз бөлмелері жұмыс істейді, бұл ем шараларының тиімділігі мен жайлылығын қамтамасыз етеді.
Оңалту үдерісінің негізін емдік дене шынықтыру құрайды. Иық буынының, басқа да буындар мен омыртқаның қозғалыс көлемін қалпына келтіру үшін заманауи жаттығу құрылғылары пайдаланылады. Барлық сабақтар медицина мамандарының бақылауымен, жүктемені жеке іріктеу арқылы жүргізіледі. Қалпына келтіру шараларының кешеніне емдік массаж, парафинотерапия, прессотерапия (лимфодренаждық массаж), оттекті коктейльдер және диетотерапия да кіреді.
Орталық өз қызметінде кешенділік, қауіпсіздік және тиімділік қағидаттарын ұстанады. Негізгі басымдық – тек симптомдарды жою емес, пациенттердің өмір сапасын тұрақты түрде жақсарту. Балаларды оңалтуға ерекше назар аударылып, барлық процедуралар жас ерекшеліктерін ескере отырып, барынша қолайлы жағдайда ұйымдастырылады.

Алдағы кезеңдегі басым міндеттердің қатарында материалдық-техникалық базаны жаңғырту, оңалту қызметтерінің тізбесін кеңейту және қалпына келтіру медицинасының заманауи технологияларын енгізу бар. Орталық басшылығы мекеменің басты құндылығы – кәсіби мамандар командасы мен әр пациентке жеке көзқарас екенін атап өтті.
Облыстық "Кәусар" оңалту орталығы өңір тұрғындарына көрсетілетін көмегінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып, халық денсаулығын нығайтуға өз үлесін қосуда.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
18:04
Вчера
В Конаеве готовят модернизацию центра парусного спорта
Парусный спорт
17:36
Вчера
17:10
Вчера
16:35
Вчера
ТОП новости
Объявления
07:47, 16 февраля
Комментарии