
11:56, 23 февраля
Надежный источник
ТЖМ қызметкерлері Қапшағай су қоймасында балықшыларды құтқарды
Қонаев қаласында, Қапшағай су қоймасының 7-ші қалалық жағажайы маңында профилактикалық рейд барысында ТЖМ құтқарушылары жағадан шамамен 1,5 шақырым қашықтықта бөлініп кеткен мұз үстінде қалған екі балықшыны анықтады.
Сонымен қатар оқиға туралы Алматы облысының "112" пультіне балықшылардың өздерінен хабарлама түсті.
Құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, әуе жастықшалы кемені пайдаланып ер адамдарды жағаға эвакуациялады. Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді: мұздың тұрақсыз кезеңінде мұзға шығу аса қауіпті. Қауіпсіздік шараларын сақтап, өміріңізді қатерге тікпеңіз.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
20:49
24 мая
20:35
24 мая
ТОП новости
Нурлыбек Налибаев проверил реализацию дорожных и логистических проектов в Алматинской области
Алматинская область
PepsiCo, индустриальные зоны и новые производства: какие проекты развивают Алматинскую область
Алматинская область
SATISFACTION 2026: Пространство музыкального единства
SATISFACTION 2026
Комментарии