• Главная
  • Жалпыұлттық коалиция мүшелері Шамалғандағы Үшқоңыр су шаруашылық колледжінің педагогикалық ұжымымен кездесті
18:23, Сегодня
Надежный источник

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Шамалғандағы Үшқоңыр су шаруашылық колледжінің педагогикалық ұжымымен кездесті

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Жанболат Жөргенбаев және Закиржан Кузиев Шамалған ауылындағы Үшқоңыр су шаруашылық колледжінде болып, педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында 15 наурызға белгіленген республикалық референдумға ұсынылатын жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттары талқыланды. Сенаторлар жаңа Ата Заңның адамға бағдарланған сипаты, әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін күшейту және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері туралы жан-жақты түсіндірді.

Әсіресе білім беру саласына қатысты нормаларға назар аударылды. Конституция жобасында адами капиталды дамыту, білім мен ғылымды стратегиялық басымдық ретінде айқындау, жастардың сапалы білім алуына конституциялық кепілдік беру мәселелері сөз болды.

Жалпыұлттық коалиция мүшелері Шамалғандағы Үшқоңыр су шаруашылық колледжінің педагогикалық ұжымымен кездесті, фото-1

Кездесу ашық форматта өтті. Колледж оқытушылары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Қатысушылар алдағы референдумның ел дамуы үшін маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, жалпыұлттық коалиция өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастырып келеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления