• Главная
  • Алматы облысында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы жаппай ветпрофилактика басталады
16:25, Сегодня
Надежный источник

Алматы облысында жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы жаппай ветпрофилактика басталады

Алматы облысының ветеринария басқармасы облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларына қарсы жаппай ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралардың басталатынын мәлімдейді.

2025 жылы бекітілген жоспарға сәйкес, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тізбеге енгізілген 12 аса қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялау және 4 түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Осы іс-шаралар, облыс аумағында эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және адамдар мен жануарларды сібір жарасы, қарасан, аусыл, нодулярлы дерматит, пастереллез, туберкулез, бруцеллез, күл және т.б. жұқпалы аурулардан қорғауға бағытталған.

Ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралары аудандық және қалалық ветеринариялық станцияларға қарасты округтердің ветеринариялық пункттерінің мамандарымен атқарылады.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы диагностикалық және профилактикалық жұмыстарды уақытылы және сапалы орындау үшін, Сіздерден Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабында көрсетілген міндеттеріңізге сәйкес, ветеринария мамандарының қызметтік міндеттерін атқаруға көмек көрсетулеріңізді сұраймыз.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша аудандардың және Алатау, Қонаев қалаларының ветеринария бөлімдеріне, облыстық ветеринариялық станциясына немесе Алматы облысы ветеринария басқармасына хабарласуға болады.

Байланыс үшін телефон нөмірлері:

  • Алматы облысының ветеринария басқармасы: +7-7277-22-29-64 (Алматы облысы, Қонаев қаласы, 18-шағын аудан, Құрылысшы көшесі, 12)
  • Алматы облысының ветеринариялық станциясы: +7-707-320-66-67 (Алматы облысы, Қонаев қаласы, Ветеринариялық станция көшесі, 3)
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Последние новости
Объявления