
14:03, 25 февраля
Надежный источник
Алматы облысы әкімі "ДАМУ" индустриялық-логистикалық орталығының ұжымымен кездесті

Алматы облысының әкімі Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев "ДАМУ" индустриялық-логистикалық орталығының еңбек ұжымымен "Әділетті заң – тұрақты мемлекет негізі" тақырыбында кездесу өткізді, деп хабарлайды Qonaev-gorod Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында заң үстемдігі, әділетті қоғам қалыптастыру және азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері кеңінен талқыланды. Облыс әкімі өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған "Заң мен тәртіп" қағидаты еліміздің тұрақты дамуының негізгі бағыты екенін атап өтті.
Әкім әділетті заң үстемдік құрған жерде кәсіпкерлік еркін дамып, инвестициялық ахуал жақсарып, қоғамда сенім мен тұрақтылық нығаятынын жеткізді.

"ДАМУ" индустриялық-логистикалық орталығы – Орталық Азия өңіріндегі бірегей жоба, еліміздегі алғашқы жеке индустриялық-логистикалық аймақтардың бірі. Бүгінде орталықта 300-ге жуық қызметкер еңбек етеді.
Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті сұрақтарына жауап берілді.

Сонымен қатар, биыл 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумның маңызы атап өтілді. Облыс басшысы әрбір азаматтың дауысы ел болашағы үшін маңызды екенін айтып, тұрғындарды белсенді азаматтық ұстаным танытуға шақырды.
Кездесу ашық диалог форматында өтіп, заң үстемдігін нығайту және демократиялық құндылықтарды дамыту мәселелері бойынша ортақ пікір алмасумен қорытындыланды.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
В Конаевском гарнизоне организовали детский праздник
Конаевский гарнизон
16:28
12:24
В Конаеве стартовал областной турнир по греко-римской борьбе "Jana Urpaq Cup 2026"
Jana Urpaq Cup 2026
21:00
Вчера
ТОП новости
В Конаеве началось строительство нового здания Департамента экономических расследований
Строительство
Закрыть ИП теперь можно онлайн через eGov Business
Онлайн услуга
Объявления
Комментарии