
16:35, Сегодня
Надежный источник
Қонаев әкімдігінде жер учаскелерінің иелерімен ашық кездесу ұйымдастырылды

Бүгін Қонаев қаласы әкімдігінде 18-шағынаудандағы жер учаскелерінің иелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Азаматтарды Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов, Қонаев қаласының прокуроры Жәнібек Жақаев, Алматы облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Жандос Нұрлыбаев, сондай-ақ әкімдіктеді жауапты бөлімдердің басшылары қабылдады.
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни, 2006 жылы Қапшағай қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде 18-шағынаудандағы аумағы 11 гектар болатын жер учаскесі "Қапшағай құрылыс комбинаты" ЖШС-не жабық үлгідегі тұрғын үй кешенін салу үшін берілген. Алайда, жылдар бойы аталған аумақта құрылыс жүргізілмеді, жоба іске аспады.
Кейін жер учаскесі бір меншік иесінен бірнеше рет өзге азаматтарға сатылған, сондай-ақ оның нысаналы мақсаты жеке тұрғын үй құрылысы мен коммерциялық мақсаттарға өзгертілген. Одан бөлек, жер иесі аумақты 100-ден астам дербес жер теліміне бөліп, оның бір бөлігін үшінші тұлғаларға сатқан.

Бүгінгі күні аталған 11 гектар аумақта тек бір жер үйдің құрылысы жүзеге асқан. Дегенмен, құрылыс барысында сәулет және құрылыс саласындағы заң талаптары сақталмаған, үйдің құжаттары заңдастырылмаған.
Уәкілетті орган тексеру жүргізіп, жерді бастапқы беру кезінде және одан кейінгі айналым барысында жер заңнамасы талаптарының бұзылғанын анықтады. 2026 жылғы 23 қаңтарда Қонаев қалалық сотының шешімімен жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылып, бірқатар сатып алу және сату шарттары жарамсыз деп танылды.
Қазіргі таңда бірқатар азамат бірінші сатыдағы сот шешіміне апелляциялық шағым түсірген. Түпкілікті құқықтық баға заңда белгіленген тәртіппен апелляциялық сотта беріледі.
Кездесу барысында қала прокуроры сот шешімінің құқықтық негіздерін және алдағы іс-қимыл тәртібін жан-жақты түсіндірді. Консультациялық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Новый сезон — новые возможности: кикшеринг JET расширяет команду
Новости компаний
16:11
ЦОН без очереди: как работает услуга персонального менеджера
Новости компаний
15:40
12:19
ТОП новости
Объявления
07:47, 16 февраля
Комментарии