
23:00, 13 марта
Надежный источник
Алматы облысында екі дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаты өтті және тұрғындарға 132 жаңа пәтердің кілті табысталды

Медициналық орталықтар Іле ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған.
Оның бірі Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында болса, екіншісі «Береке» саяжай-кооперативінде орналасқан. Енді ауыл тұрғындарына қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсетіледі. Нысандар заманауи жабдықтармен толық қамтылған.
Игі істің жүзеге асуына үлес қосқан мердігер – «Капитал Строй Проект групп» компаниясы.

Баспана кілттері Іле ауданы мен Қонаев қаласында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жалға берілді. Кейін оны өз атына аударуға да мүмкіндік бар. Облыс орталығындағы «Comfort» көппәтерлі тұрғын үй кешенінен 50 адам, ал Іле ауданындағы «Galamat» тұрғын үйінен 82 адам жаңа үйге қол жеткізді.
Халықтың әл-ауқатын жақсарту, баспанамен қамту, тұрғындар игілігіне қызмет ететін нысандар салу жұмысы кезең-кезеңімен жалғасын табады.
Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
19:07
Вчера
18:26
Вчера
18:15
Вчера
Сохраняя память: в Алматинской области продолжают называть улицы в честь ветеранов
Алматинская область
16:33
Вчера
Samsung представляет Galaxy A57 5G и Galaxy A37 5G с функциями профессионального уровня по отличной цене
Новости компаний
15:41
Вчера
14:57
Вчера
ТОП новости
Объявления
09:33, 20 апреля
Комментарии