• Главная
  • Алатау қаласында "Референдум аллеясы – 2026" көшеттері отырғызылды
Референдум
13:31, Сегодня
Надежный источник

Алатау қаласында "Референдум аллеясы – 2026" көшеттері отырғызылды

Референдум

Алатау қаласында «Референдум аллеясы – 2026» атты экологиялық акция өтті.

Іс-шара тұрғындарды, қалалық мәслихат депутаттарын, қоғамдық ұйымдар өкілдерін, жастар мен еріктілерді болашақ үшін ортақ символдық іске — ағаш отырғызуға біріктірді.

Іс-шараның ұраны: «Біз таңдау жасадық — енді бірге болашақты құрамыз».

Іс-шараға Алатау қаласының әкімі Аркен Өтенов қатысып, тұрғындармен, жастармен, қоғамдық ұйым өкілдерімен және еріктілермен әңгімелесті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл күні қала тұрғындары референдумда өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп қана қоймай, болашақтың символы ретінде жаңа аллеяның негізін қалады.

«Бүгін мемлекетіміз үшін маңызды күн. Референдум — азаматтардың таңдауы. Ал ағаш отырғызу әрбір таңдау болашақ ұрпаққа даму, өсім және игілік әкелуі тиіс екенін білдіреді», — деді қала әкімі.

«Референдум аллеясының» алғашқы ағашын қала әкімі ардагер және мектеп оқушысымен бірге отырғызды. Бұл ұрпақтар сабақтастығы мен болашақ алдындағы ортақ жауапкершіліктің символына айналды.

Әрбір ағашқа символдық атаулар берілді: Бірлік, Даму, Болашақ, Келісім, Жауапкершілік, Жастар, Жасампаздық, Халықтар достығы, Еңбек, Өркендеу.

Акция соңында барлық қатысушылар жаңа аллея жанында естелікке ортақ суретке түсті. Қала әкімі бұл шара қала тұрғындарының бірлігінің символына айналғанын атап өтті.

Мұндай бастамалар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдық келісімді нығайтуға және қолайлы қалалық орта құруға ықпал етеді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления