
Новости компаний
17:38, 20 марта
Надежный источник
"KitapFest-2026": Цифрландыру мен шығармашылық тағысқан алаң
Новости компаний

21-22 наурыз күндері Алматы қаласының Арбат алаңында Наурыз мейрамына орай жыл сайынғы «KitapFest-2026» кітап фестивалі өтеді.
Екі күнге созылатын бұл мәдени шара дәстүр мен заманауи технологияны ұштастырып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше рухани кеңістік ұсынады.
Фестиваль аясында 40-тан астам баспаның кітаптары ұсынылып, келушілер жаңа туындылармен танысып, оларды қолжетімді бағамен сатып ала алады.
Бағдарламада белгілі ақын-жазушылармен кездесулер, ашық сұхбаттар мен пікір алмасу алаңдары қарастырылған. Сонымен қатар, ұлттық қолөнерге арналған шеберлік сабақтары ұйымдастырылып, қатысушылар дәстүрлі өнердің қыр-сырын меңгере алады.

Фестивальдің басты жаңалықтарының бірі – «Smart Yurt» интерактивті алаңы. Мұнда сирек кітаптар көрмесі, кітаптарды цифрландыру үдерісі таныстырылып, заманауи технологиялардың мүмкіндіктері көрсетіледі. Сондай-ақ, келушілер VR-көзілдірік арқылы виртуалды саяхат жасап, AI-фотобудкада ерекше естелік суреттерге түсе алады.
Фестиваль барысында Алматы Кітапханаларының мобильді қосымшасы таныстырылып, қаладағы автономды өзіне-өзі қызмет көрсету аппараты ұсынылады.
Фестивальдің мерекелік атмосферасын концерттік бағдарлама толықтырады. Домбыра үні мен әсем ән ерекше көңіл-күй сыйлап, әрбір қонаққа жарқын әсер қалдырады.
Өтетін орны мен уақыты: Алматы қ., Арбат алаңы, 21-22 наурыз 2026 жыл, сағат 10:00-18:00 аралығы
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:15
Alatau Hub приглашает жителей Конаева и Алматинской области на финальный сезон Decentrathon 6.0
Новости компаний
10:08
Вчера
14:35
14 октября
В Алматы стартует Space Camp: школьники будут строить ракеты, планетоходы и собственные космические миссии
Новости компаний
12:43
14 октября
ТОП новости
Объявления
Комментарии