• Главная
  • Қонаевта М.Әуезов көшесінің күрделі жөндеуі басталды
16:38, Сегодня
Надежный источник

Қонаевта М.Әуезов көшесінің күрделі жөндеуі басталды

Қонаев қаласында Кешенді даму жоспары аясында М.Әуезов көшесін күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Жобаға сәйкес, жол екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейтіледі. Көшенің жалпы ені 14 метрді, ұзындығы 1,2 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, тротуарлар салынып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады, көше жарығы жаңартылып, «Шошқалы сай» арнасы арқылы өтетін автомобиль көпірі тұрғызылады.

"Құрылыс жұмыстарын 9 ай ішінде аяқтау жоспарланып отыр. Бұл көше қаланың негізгі көлік артерияларының біріне айналады. Шомылу маусымында қалада көлік кептелісі жиі байқалады. Көшені кеңейту осы мәселені шешуге мүмкіндік береді", – деді жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиев.

Қонаевта М.Әуезов көшесінің күрделі жөндеуі басталды, фото-1

Оның айтуынша, Кешенді даму жоспары аясында Алматы және Абай көшелерін де күрделі жөндеуден өткізу көзделген. Қазіргі таңда жобалық құжаттар дайын, жуырда мемлекеттік сараптамаға жолданады.

Бұдан бөлек, қалада шұңқырларды жамау және ағымдағы жөндеу жүріп жатыр.

Айта кетейік, өткен жылы Қарлығаш шағынауданында жолдарды жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Жобаны биыл аяқтау жоспарланған.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления