• Главная
  • "Самұрық-Қазына" Қонаевта жаңа спорт кешенін салады
16:30, Сегодня
Надежный источник

"Самұрық-Қазына" Қонаевта жаңа спорт кешенін салады

"Самұрық-Қазына" Қонаевта жаңа спорт кешенін салады, фото-1

Нысанның құрылысы «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай операторы – Samruk-Kazyna Trust арқылы қаржыландырылады.

Жалпы ауданы 2 мың шаршы метр болатын екі қабатты орталықта әртүрлі спорт түрлеріне арналған зал, 100 көрерменге арналған трибуна, күрес және бокс залдары, тренажер залы мен қосалқы бөлмелер қарастырылған.

Кешен лифтпен жабдықталады, соның арқасында екінші қабатқа барлық келушілер, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қолжетімді болады. Жобаны жүзеге асыруға шамамен 1,6 млрд теңге бөлініп, құрылыс келесі жылы аяқталады. Осындай кешендер Ақтөбе, Арқалық және Семей қалаларында да салынатын болады.

"Самұрық-Қазына" Қонаевта жаңа спорт кешенін салады, фото-2

Бұдан бөлек, биыл Samruk-Kazyna Trust арқылы еліміздің бірнеше өңірінде ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ересектерді тұрақты түрде спортпен шұғылдануға тартуға арналған инклюзивті спорт орталықтарының құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Қор тұжырымдамасына сәйкес, бұл орталықтарда бейімделген және инклюзивті спорт түрлеріне арналған залдар, бассейн, медициналық және физикалық оңалту бөлмелері, оқу және әлеуметтену аймақтары, сондай-ақ қонақүй нөмірлері қарастырылады.

Қазіргі таңда Топ компаниялары атынан 19 спорт кешені жұмыс істеп тұр, олар 700 мыңнан астам адамға спортпен айналысуға мүмкіндік беріп отыр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления