
11:56, 2 апреля
Надежный источник
Қонаев қаласында шатырларды жаңарту және қасбеттерді жөндеу жоспары іске асырылуда

Қонаев қаласында жылдық жоспар аясында көпқабатты тұрғын үйлердің шатырын жаңарту жұмыстары жүруде, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгінде 10 үйдің шатыры толық ауыстырылып, заманауи талаптарға сай жаңартылуда. Сонымен қатар, 3 тұрғын үйде су ағар жүйелері жөнделіп жатыр. Бұдан бөлек, 10-нан астам үйдің қасбеттерін сырлау жоспарланған.
Аталған жұмыстар қала инфрақұрылымын жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Әсіресе, тозығы жеткен шатырларды жаңарту – қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
"Бұл жұмыстар жүйелі түрде жыл сайын жүзеге асырылады. Негізгі мақсат – қала келбетін жақсартып, ескі шатырларды кезең-кезеңімен жаңарту. Өтінімдер пәтер иелері кооперативтері арқылы қабылданып, жоспарға енгізілген болатын", – деді ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадияр Зәкеров.
Былтыр 15 үйдің шатыры ауыстырылып, 15 үйдің қасбеті сырланған.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
11:01
21:39
Вчера
16:12
Вчера
14:48
Вчера
ТОП новости
Спецтема
Объявления
12:09, 6 августа
12:09, 6 августа
Комментарии