• Главная
  • Алматы облысында "Таза бейсенбі" акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді
Экоакция
16:27, Сегодня
Надежный источник

Алматы облысында "Таза бейсенбі" акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді

Экоакция

"AMANAT" партиясының Еңбекшіқазақ аудандық филиалы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан "Таза Қазақстан" жобасы аясында Бәйдібек би ауылында "Таза бейсенбі" экологиялық акциясын ұйымдастырды.

Тазалық жұмыстарына аудан әкімі, партия мүшелері, мәслихат депутаттары және ауыл тұрғындары қатысты. Акция барысында елді мекен аумағы толық қамтылып, қоқыс жиналды. Сонымен қатар ағаш түптері қопсытылып, жасыл желек суарылды. Қатысушылар демалыс орындарындағы орындықтарды тазалап, сынған бұтақтарды жинады.

Алматы облысында "Таза бейсенбі" акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді, фото-1

Нәтижесінде 250-ге жуық адам 12 гектар аумақты қоқыстан тазартып, шамамен 35 тонна қалдықты арнайы полигонға жөнелтті. Іс-шараға 10 арнайы техника жұмылдырылды.

"AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Серік Нұрқадыровтың айтуынша, экологиялық мәселелерді шешу – партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған маңызды басымдықтардың бірі.

Алматы облысында "Таза бейсенбі" акциясы барысында 35 тонна қоқыс полигонға жөнелтілді, фото-2

"Жыл басынан бері партиялық жоба аясында 5 мыңнан астам тұрғын экоакцияға қатысып, 250 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналды. Сонымен қатар 3 мыңнан астам ағаш көшеті отырғызылды. Бұдан бөлек, сайлауалды бағдарлама аясында өңірдегі рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін толық жою жоспарланып отыр. Сондай-ақ барлық ауданда қоқысты сұрыптауға және құрамында сынабы бар қалдықтарды жинауға арналған кемінде 1 000 контейнер орнатылады", – деді Серік Нұрқадыров.

Айта кетейік, "Таза Қазақстан" жалпыұлттық жобасы аясында өңірде "Таза бейсенбі" экологиялық акциясы жүйелі түрде өткізіліп келеді. Мыңдаған тұрғын табиғатты таза ұстауға белсенді үлес қосып жүр.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Спецтема
"Таза Қазақстан" — это республиканская экологическая акция в Казахстане, направленная на улучшение экологической ситуации, повышение экологической культуры граждан и формирование ответственного отношения к окружающей среде

Комментарии