
14:09, Сегодня
Надежный источник
13 500 га егіс және 181 техника: Қонаевта көктемгі науқан жүріп жатыр

Қонаев қаласына қарасты Шеңгелді ауылдық округінде көктемгі дала жұмыстары қарқын алды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы бөлімі мәлімдеді.
Ақпаратқа сүйенсек, биыл 13 500 га жер игеріледі деп жоспарлануда. Оның ішінде:
- Дәнді және бұршақ дақылдар – 4259 га;
- май дақылдары – 300 га;
- бақша дақылдары – 556 га;
- картоп – 150 га;
- көкөністер – 529 га;
- қант қызылшасы – 240 га;
- мал азықтық дақылдары – 7521 га.
Су үнемдеу технологияларын пайдалану
14 шаруа қожалығы 2325 га егістік алқабына су үнемдеу технологияларын пайдаланады. Бұдан бөлек, биыл орман тұқымбағы салынады деп күтілуде. Онда 1000 гектар аумақта тамшылатып суару әдісі қолданылмақ.
Техникамен қамтылу деңгейі
Шеңгелді массивінде 181 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы тіркелген. Былтыр шаруалар 263 млн теңгеге 10 бірлік техника сатып алды. Биыл олардың саны тағы 12-ге көбейеді.

Тыңайтқыш пен дизель отыны: мемлекеттік қолдау көрсетіледі
Тауар өндірушілер 2900 тонна минералды тыңайтқыш сатып алу үшін 40 келісімшартжасалады. Қазіргі уақытта 1500 тонна тыңайтқыш алынды. Субсидия есебінде мемлекеттік қолдау көтсетіледі.
Арзандатылған бағадағы дизель отынына келсек, 373 тонна дизель отынына өтінім берілді.
Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы
«Кең дала 2» бағдарламасы аясында 245,1 млн теңгеге 2 өтінім мақұлданды. Аталған бағдарлама шеңберінде жылдық 5% жеңілдетілген сыйақы мөлшерлемесі ұсынылады. Қаржыландыру республика бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның филиалдық желісі және серіктес қаржы институттары арқылы жүзеге асырылады.
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Видеозвонок домой — это больше, чем просто связь. Это мгновение, в котором стирается расстояние
Конаевский гарнизон
15:52
Мифы и правда о вакцинации: отвечает эксперт
Вакцинация
10:59
По примеру отца: братья из Караганды выбрали службу Родине
Конаевский гарнизон
10:11
09:11
Борец Алматинской области Едиге Касымбек впервые стал призером чемпионата Азии среди взрослых
Вольная борьба
18:49
Вчера
18:10
Вчера
ТОП новости
Объявления
13:42, 10 апреля
13:42, 10 апреля
Комментарии