
15:00, Сегодня
Надежный источник
Алматы облысында экологиялық мәселелер талқыланды

"AMANAT" партиясы Алматы облыстық филиалы жанындағы экологиялық мәселелер жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтіп, өңірдегі өзекті мәселелер талқыланды.
Жиын барысында кеңес мүшелері мен жауапты сала өкілдері бірқатар маңызды мәселелерді қозғады. Атап айтқанда, Талғар ауданына қарасты Белбұлақ ауылындағы таулы аймақтың заңсыз кесілуі туралы мәселе күн тәртібіне шығарылды.
Қатысушылар табиғи аумақтың бүлінуі экологиялық тепе-теңдікке айтарлықтай қауіп төндіретінін атап өтіп, тиісті органдардың бақылауын күшейту қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, "Алматы–Талғар" тасжолы бойында көпжылдық ағаштарды заңсыз кесудің қайталанған деректері де назардан тыс қалмады. Кеңес мүшелері бұл жағдайдың жүйелі сипат алып бара жатқанын жеткізіп, жауапты мекемелерге нақты шаралар қабылдауды ұсынды.

Айта кету керек, партия тарапынан экологиялық бағытта бірқатар жүйелі жобалар жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, "Таза Қазақстан" және "Жасыл ел" бастамалары аясында қоршаған ортаны қорғау, ағаш отырғызу және табиғи аумақтарды сақтау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.
Сонымен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыру мен тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған акциялар ұйымдастырылып келеді.

Отырыс қорытындысы бойынша көтерілген барлық мәселелер бақылауға алынып, тиісті ұсыныстар уәкілетті органдарға жолданатын болды. Кеңес мүшелері өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Спецтема
Спецтема
"Таза Қазақстан" — это республиканская экологическая акция в Казахстане, направленная на улучшение экологической ситуации, повышение экологической культуры граждан и формирование ответственного отношения к окружающей среде
Последние новости
14:48
Диалог с населением и развитие промышленности: рабочая поездка акима Алматинской области
Рабочая поездка
13:25
12:21
Вчера
11:55
Вчера
ТОП новости
Алматинская область укрепляет международное сотрудничество
Сотрудничество
Объявления
13:42, 10 апреля
Комментарии