
15:32, Сегодня
Надежный источник
Қонаевта масаға қарсы дезинсекцияның 3-кезеңі жүріп жатыр

Фото: из открытых источников
Қонаев қаласында масалар мен өзге де зиянкестерге қарсы дезинсекциялық өңдеудің 3-кезеңі басталды. Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, 24 мамыр күні қала аумағындағы парктер мен скверлерде, Сейфуллин көшесінде, 18-шағынауданда және жағажай аумақтарында арнайы өңдеу жұмыстары жүргізілді. Дезинсекциялық шаралар кезең-кезеңімен ұйымдастырылып, алдағы 7 күн ішінде бүкіл қала аумағын қамтиды.
Сонымен қатар Қонаев қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы қыркүйек айына дейін анафологенді су қоймаларында безгек масасына қарсы өңдеуді 6 кезең бойынша жүзеге асырады.
Мамандардың айтуынша, мұндай профилактикалық жұмыстар тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды. Әсіресе жаз мезгілінде масалардың көбеюі тұрғындарға қолайсыздық туғызып қана қоймай, түрлі инфекциялық аурулардың таралу қаупін арттырады.
Осыған байланысты қалада қоғамдық орындар, су маңындағы аумақтар мен демалыс аймақтары тұрақты түрде бақылауға алынып, арнайы препараттармен өңделуде.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
20:49
Вчера
20:35
Вчера
11:47
23 мая
ТОП новости
Комментарии