
16:57, Сегодня
Надежный источник
"Мобильді фронт-офис": Алматы облысының барлық аудандарында кәсіпкерлерге арналған кездесулер өтеді

Алматы облысының барлық аудандарында «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында кәсіпкерлермен «ашық диалог» форматындағы кездесулер басталады.
Алматы облысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының бастамасымен жүзеге асырылатын «Мобильді фронт-офис» жобасы аясында шағын және орта бизнес субъектілерімен көшпелі кездесулер ұйымдастырылады.
Кездесулер облыстың барлық аудандарында өткізіліп, кәсіпкерлерге мемлекеттік қаржылық және қаржылық емес қолдау шаралары бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік қолдау бағдарламалары, олардың шарттары, субсидия алу тәртібі және кәсіпкерлікті қолдаудың өзге де тетіктері туралы толық ақпарат ала алады. Сонымен қатар кәсіпкерлерге жеңілдетілген қаржыландыру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау, кепілзат жеткіліксіз болған жағдайда несиеге кепілдік беру, микрокредиттеу, лизингтік қаржыландыру және басқа да мемлекеттік қолдау құралдары түсіндіріледі.
Кездесулерге тек жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер ғана емес, өз кәсібін ашуды жоспарлап жүрген азаматтар да қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап ала алады. Сондай-ақ қатысушыларға «Бәйтерек» холдингінің бірыңғай фронт-офисі ұсынатын қолдау құралдары туралы да ақпарат беріледі.
Жалпы, «Мобильді фронт-офис» жобасы кәсіпкерлердің орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік бағдарламаларға қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Мұндай формат облыс орталығына бармай-ақ кәсіби мамандардан кеңес алуға мүмкіндік беріп, ауылдық округтер мен аудан кәсіпкерлері үшін қолайлы жағдай жасайды.
Кездесулерге Алматы облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының мамандары, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және басқа да мемлекеттік органдар мен қолдау институттарының өкілдері қатысады.
Аталған бастама Мемлекет басшысының шағын және орта бизнесті қолдау шараларымен қамтуды кеңейту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылуда.
Жобаны іске асыру мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға, ақпараттық ашықтықты қамтамасыз етуге және өңірдегі кәсіпкерліктің тұрақты дамуына серпін береді.
Алматы облысы «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қорының Мобильді фронт-офис жобасы аясындағы көшпелі кездесулерді өткізу кестесі:

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
17:27
Воины-десантники Конаевского гарнизона отметили День государственных символов
Конаевский гарнизон
14:04
12:14
Вчера
ТОП новости
1 июня в Алматинской области открывается купальный сезон
Купальный сезон
Объявления
Комментарии