
14:59, 11 июня
Надежный источник
Қазақстан мен Қытай инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Қазақстан мен Қытай арасындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға және іскерлік байланыстарды нығайтуға арналған жаңа мүмкіндіктер талқыланды.
Алматы облысының өңірлік дамыту орталығында Орталық директоры Ақжол Исақовтың, Нанкин қаласы халық үкіметі мэрінің орынбасары Сюй Фэннің, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен іскерлік кездесу өтті.
Кездесу Алматы облысы мен Цзянсу провинциясы арасындағы серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтудың кезекті қадамы болды. Соңғы жылдары екі өңір арасындағы ынтымақтастық тұрақты оң серпін көрсетіп, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюіне ықпал етуде.

Өз сөзінде Алматы облысының өңірлік дамыту орталығының директоры Ақжол Исақов екіжақты байланыстарды дамыту іскерлік қарым-қатынастарды кеңейтіп қана қоймай, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға берік негіз қалыптастыратынын атап өтті.
Іс-шараның негізгі қорытындысы қазақстандық және қытайлық компаниялар арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою болды.
Қол жеткізілген келісімдер аясында тараптар Алматы облысы аумағында инвестициялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға және Алматы облысы мен Нанкин қаласы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға күш біріктіруге ниетті.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
Freedom Кино и ТВ представил тизер первого казахстанского сериала о супергероях Toxic
Новости компаний
17:44
На участке Алматы – Конаев испытывают "умные" дорожные камеры
Новости компаний
11:43
11:06
ТОП новости
Объявления
Комментарии