• Главная
  • Алматы облысында МӘМС аясында жақасты аймағындағы алып ісік сәтті алынды
15:46, Сегодня
Надежный источник

Алматы облысында МӘМС аясында жақасты аймағындағы алып ісік сәтті алынды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімшесінде 10 жылдан бері осы дерттен зардап шегіп келген науқасқа жақасты аймағындағы алып ісікті алып тастау бойынша күрделі ота сәтті жүргізілді.

Медициналық көмек Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі аясында көрсетілді. Науқас жақасты аймағындағы көлемді түзіліске, ауырсынуға, тыныс алудың қиындауына, ұйқысының бұзылуына және айқын эстетикалық ақауға шағымданып түсті.

Профессор Марат Шәмшіұлы Искаковтың кеңесінен кейін хирургиялық ем жүргізу туралы шешім қабылданды. Науқастың жағдайының нашарлауына байланысты ол шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Емдеуші дәрігер – Найля Эльмурзақызы Байшекова. Науқасты емдеу жұмысына дәрігер Асылбек Гинаятов та қатысты.

Контрастық күшейтумен жүргізілген компьютерлік томографияны және бейінді мамандардың консультацияларын қамтитын толық тексеруден кейін Марат Шәмшіұлы Искаков, Найля Эльмурзақызы Байшекова, Мұхаммед Маратұлы Искаков және Асылбек Гинаятовтан құралған операциялық бригада ісікті жақасты сілекей безімен бірге сәтті алып тастады.

Ота асқынусыз өтті және өмірлік маңызды құрылымдарға зақым келтірілген жоқ. Отадан кейінгі кезең бірқалыпты өтті. Науқастың жалпы жағдайы айтарлықтай жақсарып, тыныс алу қызметі толық қалпына келді.

Аталған клиникалық жағдай мамандандырылған медициналық көмекке дер кезінде жүгінудің маңыздылығын және қазіргі заманғы жақ-бет хирургиясының күрделі патологияларды емдеудегі мүмкіндіктерін айқын көрсетеді.

Әлуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции

Комментарии

Объявления