• Главная
  • Алматы облысында "Үздік сынып жетекшісі – 2026" байқауының жеңімпазы анықталды
12:26, Сегодня
Надежный источник

Алматы облысында "Үздік сынып жетекшісі – 2026" байқауының жеңімпазы анықталды

Алматы облысының білім басқармасы ұйымдастырған "Үздік сынып жетекшісі – 2026" облыстық кәсіби байқауы өз мәресіне жетті. Байқау Талғар ауданының Жалғамыс ауылындағы №47 орта мектепте өтті.

Байқауға облыстың аудан-қалаларынан іріктелген 12 сынып жетекшісі қатысып, тәрбие жұмысындағы кәсіби тәжірибесі мен шығармашылық ізденістерін ортаға салды.

Байқаудың негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдағы тәрбие жұмысының рөлін арттыру, тәрбие үдерісін жетілдіру, сынып жетекшілерінің кәсіби құзыреттілігін, шығармашылық ізденісі мен педагогикалық шеберлігін дамыту.

Сайыс барысында қатысушылардың кәсіби тәжірибесі бірнеше бағыт бойынша бағаланды. Атап айтқанда, сынып жетекшісінің портфолиосы, «Менің 45 минут сағатым» бейнематериалы, эссе және "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы жобалық жұмысы сараланды.

Бұдан бөлек, қатысушылар "Таныстыру", "Мен – сынып жетекшісімін" шығармашылық тұсаукесері, "Шебер-класс" және "Тәрбие туралы монолог" кезеңдерінде бақ сынады.

"Шебер-класс" кезеңінде педагогтер "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары, "Еңбек адамы", "Таза Қазақстан", "Заң мен тәртіп" бағыттары бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы өз тәжірибелерін таныстырды.

Алматы облысында "Үздік сынып жетекшісі – 2026" байқауының жеңімпазы анықталды, фото-1

Байқау қорытындысы қазылар алқасының шешімімен шығарылды.

I орынға Жамбыл ауданы, Қасымбек ауылындағы орта мектептің сынып жетекшісі Амирбоева Бибигуль ие болды.

II орын:

  • Ұйғыр ауданы – Сайран Айерке, Нүсіпбек Исахметов атындағы орта мектеп;
  • Балқаш ауданы – Саденова Толқын, Б. Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназия.

III орын:

  • ⁠Қонаев қаласы – Рахманова Аяжан, ОМГ;
  • Талғар ауданы – Қуандыққызы Айдана, Гүлдала ауылы №21 ОМ;
  • Қарасай ауданы – Омаров Ержан, Алмалыбақ ауылы ОМГ.

Сонымен қатар, байқауға қатысқан педагогтер түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Сынып жетекшісі – мектеп, ата-ана мен оқушы арасындағы байланысты қалыптастыратын маңызды тұлға. Оның кәсіби шеберлігі мен тәрбие жұмысындағы тәжірибесі оқушының тұлғалық қалыптасуына ықпал етеді.

"Үздік сынып жетекшісі – 2026" байқауы педагогтердің тәжірибе алмасуына, тәрбие жұмысындағы тиімді әдістерін таныстыруына және кәсіби ізденістерін көрсетуіне мүмкіндік берді.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Сайт города Конаев

Комментарии

Объявления
Жарочный шкаф 2х4 Электрический. Пекарский шкаф Жарочный шкаф электрический 2[ уровневый - предназначен для выпечки хлеба, тортов и других хлебобулочных изделий. Обладает следующими достоинствами: микропроцессорная система нагрева; система контроля контр
13:56, 10 сентября г.
Жарочный шкаф 2х2. Электрический. пекарский Шкаф пекарский электрический 2-уровневый Предназначение: Идеален для выпечки лепешек, тортов и других хлебобулочных изделий. Этот 2-уровневый пекарский шкаф значительно увеличивает производительность и является
13:56, 10 сентября г.