
12:20, Сегодня
Надежный источник
Алматы облысында рұқсат етілмеген қоқыс полигоны өртенді

Алматы облысы Талғар ауданында, Бәйтерек ауылының маңындағы иесіз карьер аумағында қатты тұрмыстық қалдықтардың рұқсат етілмеген полигонында қоқыс өртенді.
Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Өртті сөндіру жұмыстары екі лафеттік оқпанның көмегімен жүргізілуде.
Арнайы техниканы тарта отырып, аумақты рекультивациялау және жану ошақтарын топырақпен көму жұмыстары атқарылуда.
Өртті сөндіруге ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылды. Өрт оқшауланды. Оны толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.
Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Последние новости
10:40
Вчера
10:15
Вчера
15:34
15 октября
Alatau Hub приглашает жителей Конаева и Алматинской области на финальный сезон Decentrathon 6.0
Новости компаний
10:08
15 октября
ТОП новости
Объявления
Комментарии