• Главная
  • "Дипломмен ауылға": Қонаевта жас маман Республика күні қарсаңында үйлі болды
18:49, Сегодня
Надежный источник

"Дипломмен ауылға": Қонаевта жас маман Республика күні қарсаңында үйлі болды

Анар Болымбай Кербұлақ ауылы №7 орта мектептің дефектолог-логопед маманы. Ол биыл "Дипломмен ауылға" бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, Республика күні қарсаңында үйлі болды.

"Өзім осы Шеңгелді ауылдық округі Кербұлақ ауылында туып-өскем. Кейіннен ЖОО тәмамдап, ауылыма, еліме қызмет етуге қайтып оралдым. Мұнда жұмыс істеп жатқаныма 2 жылға жуық уақыт болды. Жылына 30-дан астам баланы қабылдаймын", – деді ол.

Жас маман қазір тұрмыста, екі баланың анасы. Бағдарлама арқылы 8 млн теңгеден астам қаржыға бюджеттік несие рәсімдеп, үй сатып алған.

"Дипломмен ауылға": Қонаевта жас маман Республика күні қарсаңында үйлі болды, фото-1

"Туған жерімде еңбек етіп жүргеніме өте қуаныштымын. Барша ауыл тұрғындарын алда келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әр отбасыға баспаналы болу бұйырсын!", – деді Анар Болымбай сөзін қорытындылап.

Жалпы Қонаевта биыл 22 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 9 млн 515 мың теңге бөлініп, толық игерілді. Ал 8 маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған бюджеттік несиеге 69 млн 200 мың теңге қарастырылған. Бір маманға берілген көтерме жәрдемақы мөлшері – 100 АЕК, яғни 432 500 теңге, ал тұрғын үй сатып алуға арналған бюджеттік несие мөлшері 2 000 АЕК-ті (8 млн 650 мың тг) құрайды.

"Дипломмен ауылға": Қонаевта жас маман Республика күні қарсаңында үйлі болды, фото-2

Қазіргі таңда бюджеттік несие есебінен 1 маман тұрғын үй сатып алды. Тағы 3 маманның құжаттары рәсімделуде, 3 маман несие алу кезегінде тұр.

Жоба ауылдағы білім беру, денсаулық сақтау және өзге де салаларға қажетті мамандарды қолдап, олардың еңбек етуіне және тұрмыс жағдайының жақсаруына ықпал етуде.

Если вы заметили ошибку, выделите необходимый текст и нажмите Ctrl+Enter, чтобы сообщить об этом редакции
Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Комментарии

Объявления