Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты мекеме қызметкерлеріне "Азаптаудың алдын алу және кінәсіздік презумпциясы" тақырыбында он үшінші каскадтық тренинг өткізілді.
Іс-шара "Қадір-қасиет" қоғамдық бірлестігінің директоры Анара Ибраеваның қолдауымен ұйымдастырылып, оған Алматы қалалық сотының судьясы Светлана Яковлева, Алматы қалалық адвокаттар алқасының мүшесі Жанғазы Күнсеркин және ҚАЖД басшылығы қатысты.
Тренинг барысында қатысушылар азаптауға қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін, халықаралық стандарттарды және ҚАЖ қызметкерлерінің адам құқықтарын сақтау бағытындағы рөлін талқылады.