"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облыстықфилиалының директоры Әбілдаев Тілеухан Шілдебайұлымен сұхбат.
Тілеухан Шілдебайұлы, өңір тұрғындарын ең жиі мазалайтын сұрақ – МӘМС-кежиналған қаражат қайда жұмсалады?МӘМС: Қаражат қалай жұмсалады және қандай жаңа өзгерістер күтілуде?
– МӘМС-ке түсетін барлық қаражат ай сайын медициналық ұйымдар көрсеткен қызметтер үшін төленеді. Бұл – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер. Қаржыландыру әр жылдыңбасында халық саны, аурушаңдық деңгейі және белгілі бір қызметтерге сұраныссияқты көрсеткіштерді ескере отырып жоспарланады.
Биыл Алматы облысының денсаулық сақтау саласының бюджеті 145,3 млрд теңге, оның ішінде: 58,7 млрд теңге – МӘМС, 86,6 млрд теңге – ТМККК. Былтырмен салыстырғанда қаржыландыру 5,9%-ға артты.
– Ең үлкен шығын стационарлық көмекке тиесілі – 29,5 млрд теңге. Оның ішінде 704 млн теңге күндізгі стационар қызметтері. Консультациялық-диагностикалық қызметтер (КДҚ) жоғары сұранысқа ие. 9 айда өңірде: 235 КТ – 26 756 млн теңгеге, 24 436 МРТ – 330 млн теңгеге жасалды. Стоматологиялық қызмет те өсім көрсетуде – 302 мың қызмет, құны 2 млрд теңге. Барлығы 1,2 млн-ға жуық тұрғын 13,7 млн КДҚ қызметін 34,4 млрд теңгеге алды. Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту үшін биыл 13,2 млрд теңге бөлінді.
– Ең көп жасалатын жоғары технологиялық операциялар:
- Кардиохирургия – 60 операция, құны 411 млн теңге (1 операция – шамамен 4,4 млн теңге).
- Нейрохирургия – 61 операция, 375 млн теңге (орташа құны – 5,6 млн теңге).
- ЛОР-хирургия – 11 ота, жалпы құны 86,5 млн теңге.
- Буын алмастыру операциялары – 27 ота, құны 58 млн теңге.
Жалпы, 2025 жылдың есептік кезеңінде 167 ЖТМК операция жасалып, оған 940 млн теңге жұмсалды.
– Оңалту – МӘМС-тегі ең қарқынды дамып келе жатқан бағыттардың бірі. 2019 жылы оңалтуға 74 млн теңге ғана бөлінген болса, 2025 жылға бұл сома 3 млрд теңгеге жетті. Өсім – 39,5 есе. Оңалту қызметтері инсульт, жарақаттар, жүрек операциялары, созылмалы аурулардан кейін, сондай-ақ балаларға – оның ішінде БЦС және тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балаларға көрсетіледі. Оңалтудан өту үшін емханаға жүгіну керек, қажет болған жағдайда шешімді реабилитолог немесе мультидисциплинарлық комиссия қабылдайды.
– Қор көрсетілетін қызмет сапасына мониторинг жүргізіп, ақаулар анықталған жағдайда айыппұл санкцияларын қолданады. Жазалау арқылы алынған қаражат басым бағыттарды қаржыландыруға жіберіледі. Мониторинг барысында 302 962 ақау анықталды. Жалпы сомасы – 1,34 млрд теңге. 218 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оның 19-ы халық шағымдары бойынша. Нәтижесінде 176 000 ақау, құны 855,6 млн теңге анықталды.
- 1 шілдеден бастап жаңа мониторинг жүйесі іске қосылды: экстерриториялық тексеру қағидаты, апелляция беру мүмкіндігі, жалған қызметтерді автоматты анықтау (AI) енгізілді. Жыл басынан бері Қор 20 сотқа дейінгі талап-арыз жолдады. 5 ұйымның лицензиясыз, 8 ұйымның сертификатсыз қызмет көрсеткені белгілі болды. Екі жеке стоматологияда 197,5 млн теңгенің расталмаған қызметтері анықталып, материалдар құқық қорғау органдарына берілді.
– "Сақтандыру" ақпараттық жүйесіне сәйкес, өңір тұрғындарының 83,2%-ы сақтандырылған. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда сақтандырылмаған азаматтарсанының 4,6% азайғанын білдіреді.
– Төрт әлеуметтік маңызы бар ауру (қант диабеті, ДЦП, жүйелі дәнекер тінінің аурулары, ревматизм) динамикалық бақылауға жататын аурулар тізіміне ауысады. Осы ауруларға көрсетілетін медициналық көмек МӘМС арқылы ұсынылады. Алдағы жылы динамикалық бақылаудағы барлық аурулар МӘМС пакетіне көшеді. Бұл – қызметтер қысқарады деген сөз емес. Қызметтердің ешқайсысы жойылмайды, тек қаржыландыру көзі өзгереді. Пациенттердің бағдарлауын жеңілдету үшін арнайы "жедел желі" жұмыс істейді.
– Биылғы өзгерістердің басты мақсаты – ауыр ауруларды ерте анықтау үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейту. Сол себепті скринингтікзерттеулер МӘМС пакетінен ТМККК пакетіне ауыстырылды. Бұл барлық азаматтарға скринингтен тегін өтуге мүмкіндік береді.
– Ең бастысы, бұл өзгеріс бүкіл халыққа онкологиялық және өзге де қауіпті ауруларды уақытылы анықтау мүмкіндігін ұсынады. Енді тұрғындар жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректальды қатерлі ісік, артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, глаукома, вирустық гепатит сияқты ауруларға арналған скринингтік қызметтерге еркін қол жеткізеді.
– Ең маңызды өзгерістердің бірі – әлеуметтік әл-ауқат деңгейі дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және E деңгейлері) азаматтарды қолдауға бағытталған. Енді бұл санаттағы адамдар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейді. Бұл – әлеуметтік осал топтарды медициналық көмектен шет қалдырмау үшін жасалған маңызды қадам.
– Ресми тіркелген жұмыссыздар да енді әкімдіктер есебінен МӘМС жарналарын төлету мүмкіндігіне ие. Бұл әкімдіктердің халықты жұмыспен қамтуға, жұмыс орындарын ашуға, кедейлікті азайтуға деген жауапкершілігін күшейтеді. Өңірлер белсенді әлеуметтік саясат жүргізуге ынталы болмақ.
– Бұрын жарна төлеуде үзіліс болса, сақтандырылған мәртебе 3 ай ғана сақталатын. Енді бұл мерзім 6 айға ұзартылды, бірақ тек жарнаны кемінде бес жыл қатарынан төлеген азаматтарға қатысты.
– Мысалы, адам бірнеше жыл бойы тұрақты жұмыс істеп, жарналарды уақытылы төлеп келді делік. Кейін күтпеген жағдайда жұмысынан айырылып, табыссыз қалуымүмкін. Осындай кезде ол жарна төлеу уақытша тоқтағанымен, 6 ай бойы МӘМС қызметтерін үздіксіз пайдалана алады. Алайда кейін осы кезеңдегі қарызын өтеу міндетті. Бұл – азаматтарды медициналық көмексіз қалдырмау және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды тетік.