18+

Құрметті Қонаев қаласының тұрғындары!

Халық қатысатын бюджет жобасы аясында – азаматтардың жергілікті бюджет қаражатын бөлу мүмкіндігіне қатысуға шақырамыз!

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Шешім қабылдау процесіне халықты кеңінен тарту мақсатында "Халық үніне құлақ асатын Мемлекет" тұжырымдамасын орындау аясында "Халық қатысатын бюджет" жобасын жүзеге асыру жалғасуда.

Халық қатысатын бюджеті шеңберінде келесі іс-шаралар дауыс беруге шығарылады және әкім аппаратымен іске асырады:

  • аумақты көгалдандыру;
  • тротуарларды жайластыру;
  • тротуарларды, пандустарды, арықтарды салу және жөндеу;
  • ортақ пайдалану орындарын құру, жөндеу және жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және өзге де объектілер);
  • бордюрларды, брусчаткаларды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;
  • қоқыс тастайтын жерлерді жою;
  • ​ортақ пайдалану орындарында күркелер, орындықтар, урналар және балалардың ойнауы және ересек тұрғындардың демалуы үшін жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу;
  • ​аула аумақтарында және ортақ пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалар ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Қала тұрғындарының тұрғылықты жері бойынша жоғарыда көрсетілген өзекті мәселелер бойынша жобаларды қабылдау 2026 жылдың 20 қаңтарынан бастап жүзеге асырылады. Жобаны Қонаев қаласы әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/bnu/856?lang=kk  сайты арқылы Қала тұрғындары жобаны Қала әкімдігіне ұсына алады.

Келіп түскен өтінімдер Сараптамалық кеңес мүшелерімен талданады, кеңеспен мақұлданған жобалар "1 тұрғын – 1 дауыс" ашық дауыс беруге өткізіледі. Дауыс беру нәтижелері бойынша сараптамалық қоғамдастық қаржыландыру үшін жобаның кезектілігін айқындайды.

Қала әкімдігінің сайтында тұрғындардан талап етілетін жоба үлгісі, сараптамалық кеңес құрамы мен өткізу кезеңдері туралы ақпарат жарияланған. Жобаның авторы Қала тұрғыны немесе ПИК, кондоминиум өкілі болуы мүмкін.

Жобаларға дауыс беру 2 түрде жүзеге асырылады:

  • ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) көмегімен;
  • SMS бойынша растаумен ЖСН негізінде;

Ұнаған жобалар үшін дауыс беру ағымдағы жылдың 05 сәуірден басталады.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Зимняя Олимпиада-2026
21:36, Вчера