18+

Іле ауданында 1000-нан астам үй орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды

Іле ауданы Мұхаметжан Түймебаев ауылындағы 1000-нан астам үй орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды, деп хабарлайды Qonaev-gorod  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба құны – 1,4 млрд теңге. Нәтижесінде 21,5 шақырым су құбыры тартылып, 2 резервуар мен 220 метр тереңдікке жететін 2 артезиандық ұңғыма, лаборатория салынған.

Су 2025 жылдың тамыз айынан беріле бастап, құрылыс-монтаждау жұмысы қараша айында толығымен аяқталған. Болашақта тұрғындар саны 30 пайызға дейін өскен жағдайда да сумен қамтамасыз етуге қуаты жетеді. Осы уақытқа дейін әр үйде 35 метрге жететін ұңғыма болған. Бірақ ол су ішуге жарамсыз болғандықтан тұрғындар ауыссуды үйлеріне тасып, әкеліп жүрген.

Іле аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ғазиз Алтайұлының айтуынша, өткен жылы Іле ауданында ауызсу жүйесінің 55,2 шақырымы жаңадан салынып, 10 шақырымы жаңартылған.

Сонымен қатар Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында да ауызсу жүйелерін салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жобаға сәйкес 22 шақырым су құбыры жүргізіліп, 1100-ден астам үй орталықтандырылған сумен қамтылатын болады.

Прием граждан
17:20, Сегодня