Бүгін Алматы қаласында қала әкімдігінің қолдауымен қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын әрі аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына арналған "Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын" атты әдеби-поэтикалық кездесу өтті.
Маңызды мәдени шараға Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиев, Мұқағали Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев және келіні Бақыткүл Айдарова, ақын, "Қазақ әдебиеті" газетінің бас редакторы Бауыржан Жақып, Сәуле Досжан, Жарас Сәрсек, Бақыт Беделхан сынды белгілі жазушылар мен ақындар, публицисттер, ғалым-зерттеушілер, жастар, мектеп оқушылары мен поэзия сүйер қауым қатысты.
Іс-шара аясында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптармен қатар ғылыми еңбектер, естеліктер мен басылымдар ұсынылған "Мұқағали – мәңгілік жырдың жұлдызы" атты бірегей кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар қонақтарға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылық жолы туралы арнайы бейнеролик көрсетілді.
Іс-шара барысында сөз сөйлеген Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Абзалиденұлы ақынның мерейтойымен құттықтап өтті:
Жиынға арнайы келген Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мұқағали ақынның туыс інісі Мұхтархан Қалиұлы ақынға арнаған өлең жолдарын оқып, кітапхана қорына кітаптар сыйға тартты.
Дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет қайраткері Еркін Шүкіман және әнші, домбырашы Жанпеисов Нұржанның орындауында ақын сөзіне жазылған әндер шырқалды.
Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері ақиық ақынның шығармалары негізінде қойылған "Жас өмір, саған өкпем жоқ" атты сахналық қойылымын ұсынды.
Өз кезегінде ақынның ұлы Жұлдыз Мұқағалиұлы әулет атынан алғысын білдірді:
Қарасаз ауылы Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектеп-гимназиясы мен М. Мақатаев атындағы №140 мектеп оқушылары ақын өлеңдерін жатқа оқу арқылы ұрпақтар сабақтастығын айқындап, әдеби шараның шырайын аша түсті.
Сонымен қатар мектеп оқушыларына Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Данияр Алиевтің атынан алғыс хаттар табысталды.
Кездесу соңында ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев және келіні Бақыткүл Айдарова қала әкімдігіне алғысын білдіріп, Мұқағали поэзиясы халықпен бірге мәңгі жасай беретін таусылмас қазына екеніне сенім білдірді.
Қала басшылығының бастамасымен жүзеге асқан бұл шара Мұқағали Мақатаевтың рухына көрсетілген зор құрметтің белгісі болып, болашақта ақын мұрасын дәріптеу жалғасын табатыны сөзсіз.