Қонаев қаласында бірнеше жылдан бері шешімін таппаған күрделі мәселеге нүкте қойылады. Жағымсыз иіс шығарып, 100% тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесінің орнына басқасы салынады, деп хабарлайды Qonaev-gorod Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ескірген нысан қаладан 3-4 шақырым жерде орналасқан. Ал жаңа кәріз-тазарту жүйесі Қонаевтан 15 шақырым жерде бой көтереді.
Жаңа нысанның қуаттылығы тәулігіне 25 текше метрден астам суды сүзгіден өткізуге мүмкіндік береді. Кәріз-тазарту жүйесі 215 гектар аумақта салынады. Қазіргі таңда жер жұмыстарын бастауға дайындық жүріп жатыр. Негізгі технологиялық жабдықтар, құбырлар және жинақтаушы тоғандарға арналған гидрооқшаулағыш материалдар сатып алынды.
Тозығы жеткен кәріз-тазарту жүйесі жаңасы іске қосылғаннан кейін рекультивацияланады.