Алматы облысы аумағында 17–20 наурыз аралығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, көші-қон заңнамасын бұзудың алдын алу мен жолын кесуге, сондай-ақ құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның бірінші күнінде көші-қон қызметінің қызметкерлері 277 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Республика аумағында болуға заңды негізі жоқ 18 шетел азаматы қабылдау-тарату орнына орналастырылды.
Мәселен, Еңбекшіқазақ ауданы полиция басқармасының көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері жүргізген профилактикалық іс-шаралар барысында салынып жатқан нысандардың бірінде рұқсат құжаттарынсыз заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған көршілес мемлекеттің 12 азаматы анықталды.
Аталған жұмыс "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру аясында жүргізілуде. Ол азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталған.
Құқық қорғау органдары көші-қон заңнамасын сақтау – бұл тек міндет қана емес, сонымен қатар қоғамдық тұрақтылықтың маңызды кепілі екенін атап өтеді.