Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев өңірде шомылу маусымына дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аймақ басшысы жағажайдағы қауіпсіздік пен тәртіп, демалыс орындарының талаптарға сай болуы басты назарда болуы тиіс екенін айтты.
Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, шомылу маусымына орай су түбін тазалау, санитарлық жағдайды бақылау және инфрақұрылымды ретке келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде.
Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бақылау камералары жұмыс істейді. Қазіргі таңда демалыс орындарының 80 пайызы шомылу маусымына дайын. Жергілікті атқарушы орган, облыстық прокуратура, Полиция департаментімен бірігіп кешенді тексеру жұмысы жалғасады.