18+

Алматы облысында алғаш рет заманауи лазерлік урология енгізілді

Қарасай орталық аудандық ауруханасының урология бөлімі клиникалық тәжірибеге жоғары технологиялы Boston Scientific Auriga XL 50W гольмий лазерлік аппаратын сәтті енгізді.

Заманауи жабдықтың енгізілуі Алматы облысы тұрғындары үшін түбегейлі жаңа мүмкіндіктер ашты: күрделі урологиялық операциялар енді кесіктерсіз, ең аз жарақатпен және қысқа қалпына келу мерзімімен орындалуда.

Кесіксіз технология

Лазерлік жүйе хирург-урологтарға операцияларды табиғи зәр жолдары арқылы — бір де бір сыртқы кесіксіз жүргізуге мүмкіндік береді. Аппарат бүйрек пен несепағар тастарын жоғары дәлдікпен ұсақтап, оларды ең кішкентай бөлшектерге немесе «шаңға» айналдырады, олар кейін организмнен өздігінен шығарылады. Бұл ретте қоршаған сау тіндер іс жүзінде зақымданбайды.

Қолданыс аясы

Жабдық урологиялық аурулардың кең ауқымын емдеуде қолданылады, соның ішінде:

  • кез келген өлшемдегі бүйрек пен несепағар тастары;
  • ретроградты интраренальды хирургия (РИРХ);
  • миниперкутанды нефролитотрипсия (Mini-PCNL);
  • қуық асты безі аденомасының лазерлік энуклеациясы (HoLEP);
  • зәр жолдарының стриктуралары; эндоскопиялық урологиялық операциялар.
Науқастар үшін артықшылықтары

Лазерлік технологияларды енгізу науқастар үшін емдеу сапасын түбегейлі өзгертті. Әсер етудің жоғары дәлдігі қан кету қаупін азайтады және операциядан кейінгі ауру синдромын ең төменгі деңгейге дейін төмендетеді. Науқастар дәстүрлі ашық операциялармен салыстырғанда айтарлықтай жылдам қалпына келеді, ал стационарда болу мерзімі бірнеше күнге дейін қысқарады.

МӘМС шеңберінде — тегін

Қарасай орталық аудандық ауруханасында лазерлік жабдықты қолданатын барлық жоғары технологиялық урологиялық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде көрсетіледі. Алматы облысының сақтандырылған тұрғындары ешқандай қосымша шығынсыз әлемдік деңгейдегі емдеу алады.

Әлуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі