18+

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту

Халықаралық ынтымақтастықты нығайту жолындағы төрт жаңа қадам. Алматы облысының өңірлік дамыту орталығында Орталық пен Қытайдың төрт компаниясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі өтті.

Қол қойылған келісімдер инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуға және қытайлық кәсіпорындарды облыстық индустриялық парк аумағында орналастыруға бағытталған. Серіктестер қатарында DongGuan Automobile Industry Association, Guangdong Humen Fumin Group Co., Ltd., Guo He Group және Tangshan Yate Special Vehicle Co., Ltd. бар.

Ынтымақтастық аясында машина жасау, арнайы техника өндірісі, өнеркәсіптік инфрақұрылым және өндірістерді локализациялау бағыттарындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары қарастырылуда. Бұл өз кезегінде өңірдің экспорттық әлеуетін дамытуға мүмкіндік береді.

"Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы" ЖШС индустриялық алаңдарды дамыту, халықаралық әріптестікті кеңейту және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

Алматы облысының Өңірлік даму орталығының директоры Ақжол Исаковтың айтуынша, аталған меморандумдарға қол қою жаңа өндірістерді тартуға, инвестициялық белсенділікті арттыруға және өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін одан әрі дамытуға қосымша серпін береді.